«Қайырымды қарақшы» Котовский

  Азамат соғысының  атақты батыры, комбриг Григорий Иванұлы Котовский  поляк  дворяндар отбасында дүниеге келді. Атасы 1830-1831 жылдары Ресей  отаршылдарына қарсы поляк халқының  ұлт-азаттық  көтерілісіне  қатысқаны үшін  дворян   атағынан  айырып, Ресейге жер аударылды. Мещандық сатыға түскенмен механик мамандығын игерген   Иван Котовский «адам   адал  еңбекпен күн көруі  керек» дегенмен, әке сөзін Гриша тындамай өсті.

 Гимназияда  оқып жүргенде Гриша  серілік романдар оқуға құмар болды.  ХVI ғасырдағы Англиядағы  Шервуд орманын  паналап, байларды  тонаған  «қайырымды сері»  Робин Гуд  пен Шиллердің  «Қарақшы» романының басты кейіпкері Карл Моорға еліктеп, өзі сияқты  жасөспірімдерден «шайка»  құрып, түнде байлардың үйіне  ұрлыққа түсе бастайды. Гриша  15 жасынан бастап анархистер үйірмесіне қатысып, анархистік   көзқарасы қалыптасты. Анархия (грекше- «берекетсіздік»сөзі)  идеясы- өкімет билігін   мойындамау, тонау мен зорлық-зомбылықты уағыздайтын бұл саяси ағым Котовский   сияқты  көптеген  қарақшылардың ойынан шықты. 1917 жылы Николай патшаны тақтан құлатқан революцияда шешуші күш, осы анархист-эссерлер болғандығы тарихтан белгілі.

Бірінші рет, 1903 жылы 17 жасар Котовский тыйым салынған үйірмеге қатысқаны  үшін түрмеге қамалды, жасы ескеріліп босатылып жіберілді. Екінші рет, 1905 жылы тонап жатқанда қарсылық көрсеткен помещикті бірінші рет өлтірді, 21 жасқа толмаған соң,   өлім жазасынан  аман қалып, каторгаға  айдалды.Осы каторгада жүргенде шашын күтуге   мүмкіндік болмағасын, тықыр етіп алдыруды әдетке айналдырады. Каторгадан қашып шыққан КотовскийУкрайнаға қайтып келіп, тонаушылықпен қайтадан айналасады, тонап  болғасын  «сендерді  тонаған Котовский»  деп айтып, кететінді шығарды. Өзіне сенімді   болғаны соншалықты, қала  байларын да  тонай бастады. Одесса  қаласын ұстап тұрған    атақты бандит   Мишка  Япончик «бұл қала менің ықпалымда» деп кетуін талап еткенде. Котовский Япончикпен  жекпе-жекке шығып, өзінің Одесса қаласындағы экспансиясын   сақтап қалады. Бессарабия  мен Украйна ормандарында тонаудан қолына түскен  мал мен ақшаны  қара халыққа бөліп берген Котовскийдің «қайырымды  қарақшы» деген атағы шықса, байлар одан өлердей қорқып оны «тозақ атаманы» деп, бәрі ақша жинап басына мың рубль бәйге тікті, сол кездегі бағамен есептесек бір семіз қой бір рубль тұрды.                                              Котовскийді Робин Гуд пен Дубровскийге теңеп, романтикалық романдарды көп оқып, іштері пысқан ақсүйектердің  әйелдері жақсы көрді. Котовский ондай әйелдерге ақша жұмсаудан алдына жан салған жоқ. 1917 жылы үшінші рет тұтқынға алған Котовскийді патша үкіметі өлім жазасына кесті. Большевиктердің билік басына келуі, Григорийді ату жазасынан аман алып қалды. Большевиктерге Котовский секілді қол бастайтын батырлар  өте қажет еді. Әскери  Революциялық Кеңес оны бірден майданға еріктілер отрядының    командирі  етіп жіберді. Бұл  еріктілер отряды амнистия  бойынша босатылған қылмыс әлемінің сен тұрда  мен атайын дейтін арландары еді. Котовскийдің туғанынан  сүйегі  ірі  әрі толық болатын, ат тағасын қолмен бұрап айырып тастайтын  қара күш иесі еді. Сонымен қатар ат үстінде  қылыштасудың шебері және құралайды көзден атқан мерген    еді. Кейін осы отряд  құрамын көбейтіп, бригадаға дейін өсіріп, комбриг болды.  Большевиктер Котовский әскерін генералдар   Деникин  мен Врангельді талқандауға, Қызыл Армия қатарынан кетіп қалып өз бандысын құрған Мишка Япончикті талқандауға   пайдаланды. Ержүрек Котовский ақ офицері  Фролов болып, Томбов өңірінде ұстатпай   жүрген Матюхинді өз қолымен атып өлтірді. Азамат соғысы  кезінде, халық  қолына қару   ұстағандардың бәрін де жек көрді.Себебі халықты қызылдар да, ақтар да тонады. Котовскийдің бригадасы, кейіннен дивизиясы тәртіп жағынан  мықты болды. Егер буденовшылар өз қалтасын ғана ойласа, котовшылар «жалпы кассаны», яғни  общакты да, ұмытқан жоқ, қаза тапқан қаруластарының отбасына қарасып тұрды.

           Азамат соғысындағы ерлігі үшін комдив Г.И.Котовский төрт рет Қызыл Жұлдыз   орденімен және сабы таза сом алтыннан құйылған қылышпен марапатталды. 1925 жылы М.В.Фрунзе  Қорғаныс   наркомы   болғанда, Котовскийді өзінің орынбасары етіп тағайындайды. Котовский өте кеш,  азамат соғысы кезінде  үйленді, күндіз  қызметте, кешкісін академияда оқып жүрсе де отбасын ерекше жақсы көріп, демалуға уақыт табатын. 1925 жылдың  6-шы тамызында  Одесса қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ететін Чабанка поселкесіндегі саяжайда демалып жүргенде атып кетті, азамат соғысының батырын атқан адам тез табылды. Ол осындағы қант заводының күзет бөлімінің бастығы Зайдер Майер болып шықты. Патша өкіметі кезінде қарақшылықпен айналысып жүргенде полициядан жасырынып, Одесса қаласыныдағы осы З.Майердің жезөкшілер ұстайтын притонның шатырында талай рет жасырынған болатын. Сол кезде З.Майер Одессадағы ең бай адамдардың бірі еді, притоннан басқа бай ақсүйектер көңіл көтеретін борделі де бар еді. Тергеудің бастапқы кезінде Котовский әйелімнің ашынасы болғасын өлтірдім деді, алайда оны әйелі жоққа шығарды. Сосын Котовский маған қант заводының директоры боласын деп уәде беріп еді деп өзгеріп шыға келді, не де болса Зайдер тергеу кезінде біреулерге сенгендіктен өзін еркін ұстады. Сот оған 10 жыл түрмеде отыруға үкім шығаруы, халықтың ашу-ызасын туғызды. З.Майер түрмеде үлгілі тәртібі үшін 3 жылдан соң бастандыққа шықты. Одессаның вокзалынан поездан түскен бойда үш котовшылар оны әжетханаға апарып пышақтап өлтірді. Өздерінің батыр комбригіннің кегін қайтарған  үш котовшыларды милиция тұтқындағанмен, кейін босатып жіберді. Кейін Котовскийдің әйелі Ольга мен баласы Григорий архивке жіберілген істі қайта қарауын қанша сұрағанмен жауап ала алмады.

 2010 жылы Ресей телеарнасында 8 сериялы «Котовский»  фильмі   көрсетілді. Басты рольде  ойнаған актер  Владислав Галкин кейіпкері  Котовскийге өмірде ұқсас  болды, яғни төбелесқор және қатын құмар  болды. 1971 жылы атақты  актер  Борис  Галкиннің отбасында  дүниеге келген Владислав   8 жасынан бастап киноға   түсті. Ерте келген атақты көтере алмаған, ол ішімдік ішуімен қатар, Ресейдің  фильмге ең көп  түсетін  актері болды. 2009 жылдың  24 шілдесінде мас күйінде төбелес шығарып, орындықпен  кафе-бар текшелерін сындырған әрекеті бейнекамерадан жазылынып алынып, барлық Ресей  телеарналардан көрсетілді. Халыққа көрінуге ұялып, үйінде  жатып ішімдікке салынды, төртінші әйелі  атақты актриса, әрі   тележүргізуші Даша Михайлова тастап  кетті, үстінен  қылмыстық  іс  қозғалды. Үйінен шықпағаны  күйі, арақ пен  күйзелістен  2010 жылдың 27 ақпанында 39 жасында қайтыс болды. Қайран, Влад-ай дейсің де қоясың.


                                                                                       Бақытжан Түменбай,

Тарих пәнінің мұғалімі.

                                                                                              

                       

                        

Тарих 19 сәуір 2020 г. 444 0