Абайдан қалған көз

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласы аясындағы жүйелі жұ­мыстар бабадан қалған мұраны түгендеп, оны келер ұрпақ үшін баға жетпес қазынаға айналдыруға жол ашты. Өткеннің жәді­герлері жылдар өтсе де, бағалы қасиетін жоғалт­пайды. Қайта бұрынғы мен бүгінгіні таразылау арқылы санамызды жаңғыртуға сеп болады.

Жуырда Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейін аралап жүріп, қарапайым дүниеге көзім түсті. Кәдуілгі шкафтың ғасырдан аса тарихы бар дегенде таңырқай қарағанымыз рас. Сөйтсек, оны ұлттық ақыл-ойдың шыңына шыққан Абай Құнанбаев тұтынған екен. Музей қорына бұл шкафты А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Ахметбек Іскендіров тапсырыпты. Бағалы жәдігер Сыр еліне ХІХ ғасырдың бас кезінде Құнанбайдың туысы Тұрған деген кісі арқылы жетсе керек. Дүниеге келген қыз баласына Тұрған Абайдың әжесі Зеренің есімін қояды.  Зере есімді бойжеткен заманында Асқар ауылына келін болып түскенде осы шкаф қыз дүниесі болып келеді. Аталған дүниені ақырында Зеренің қызы Ахметбек ақсақалдың анасына тапсырған. Бүгінге жет­кен, сақталған жәдігерді облыс тұрғындары Тереңөзектегі мұражайдан көріп, тарихына қаныға алады.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,

«Сыр бойы».

Сырдария ауданы.

Тарих 16 шілде 2018 г. 2 004 0