АРЫСТАР – ЕЛ АРДАҒЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алаш алыптары» тақырыбында жас ақындар мүшәйрасы өтті. Қорқыт ата атындағы ҚМУ, «Мұстафа Шоқайтану» ғылыми-зерттеу орталығында ұйымдастырылған шара Алаш қозғалысының және Түркістан Мұхтариятының 100 жылдығына арналды.
Жыр бәйгесіне жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқушылары қатысып, Алаш көсемдерінің өрелі істерін өлеңіне арқау етті. Шанжархан Бекмағамбетов, Алдажар Әбілов секілді университеттің профессор-оқытушылары қазылық еткен сайыста шын мықтыны анықтау қиынға соқты. Жас таланттардың қай-қайсысының да өнері бір-бірінен кем түспеді. Дегенмен, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің студенті Ақжол Қуанышқа деген көпшіліктің ықыласы ерекше болды. Жас ақын бас жүлдені қанжығаға байлап, жеңіс тұғырынан табылды. Мектеп оқушылары арасынан І дәрежелі дипломмен Жалағаш ауданының Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей оқушысы Нұрбақыт Ахет марапатталды. Ал ІІ орынды №264 мектеп-лицей оқушысы Сағыныш Райбекова иеленді.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.
Тарих 06 қаңтар 2018 г. 938 0