КСРО-НЫҢ АЛҒАШҚЫ МИЛЛИОНЕРІ

КСРО-ның алғашқы миллионері Артем Тарасов 70-ке қараған шағында өмірден өтті. Әзірге оның өліміне не себеп болды, ол жағы ашық айтылған жоқ.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңы мен тоқсаныншы жылдарының басында өмір сүрген аға ұрпақ осы кезеңде КСРО-да кооператив қозғалысының кең өріс алғанын ұмыта қойған жоқ.
Артем Тарасов сексенінші жылдардың аяғында Кеңес Одағында алғашқылардың бірі болып кооператив жүйесін құрды. Ол Кеңес Одағының алғашқы миллионері болып ресми түрде тіркелді. Осы уақытта оның аты дүркіреп тұрды. 1990 жылдың басынан бастап ол өзінің «Техника» деп аталатын кооперативінен басшы ретінде 3 миллион рубль жалақы алып отырды. Коммунистік партияға партиялық жарна ретінде 90 мың рубль төледі.
Ресейдің статистика комитетінің дерегіне қарағанда, сол кезде орташа айлық жалақы 263 рубль құрағанын ескерсек, Тарасовтың табысының қаншалықты болғанын шамалай беріңіз.
Артем Тарасов 1991 жылы Лондонға көшіп кетіп, 2003 жылы қайтадан Ресейге оралды. Өмірінің соңғы жылдарында «Инновация институты» атты компания құрып, оның Бас директоры болып қызмет істеді. Ресей өндірісіне технологиялық –инновациялық жаңалықтар енгізумен айналысты.
Дереккөз: Айқын газеті
Тарих 26 шілде 2017 г. 1 054 0