2017 жылға жарты ғасыр бұрынғы болжам

2017 жылға жарты ғасыр бұрынғы болжамСексенінші жылдардың балаларына диафильм деген дүние таңсық емес. Мектепте мұғалімдеріміз көрнекі құрал ретінде пайдаланатын, қазіргі тілмен айтқанда, түрлі слайдтар көрсететін құрылғы естеріңізде шығар. Терезені қараңғылап, диафильмді ақпен боялған қабырғаға бағыттаған соң, аздап қозғалып тұратын бейнекөріністер пайда болатын. Тәптіштеп түсіндіріп отырғаным, заманауи озық технологияны шемішкедей шағатын қазіргі заманның балаларына ұғынықты болсын деген ниет. 
Жақында «ВКонтакте» желісінің қолданушысы С.Поздняков 60-жылдардың оқушылары пайдаланған диафильм плен¬каларын цифрлап, өз парақшасына жа¬рия-лады. «Оның қызығы не?» деуге асықпаңыз... Қызығы – тақырыбы, «2017 жылда» деп аталады. Өткен ғасырдың орта шенінде сіз бен біз үшін енді басталған 2017 жылды қалай елестетінін 40-тан астам бейнекөрініспен бейнелеп беріпті. Арада жарты ғасыр өткенде сол кезде айтылған болжамдардың қаншалықты шындыққа айналғанын көрейік. 
«Болашақ туралы кім армандамайды? Келесі жүзжылдыққа көз жүгірткісі келмейтін адам бар ма екен? Ғылыми-фантастикалық кітаптарды оқып, ғалым-дардың жаңалықтарын, инженерлік батыл жобаларды пайымдай отырып, болашақтың бейнесін суреттеуге әбден болады. Онда болашаққа ойша сапар¬лап, 50-60 жылдан кейінгі өмірімізді елестет¬сек қайтеді? Мүмкін Қазан төңкерісі 100 жылдығы қарсаңында сіздер сияқты оқушылар география сабағында еліміздің өткені мен бүгіні туралы кинопанораманы көріп, Совет азаматтарының жер бетін¬де бейбітшілік пен бақыт орнату үшін таби¬ғатты қалай бағындырғанын тамашалап отыратын болар», – деп жазылған алғашқы көріністердің титрында.
Келешекке ойша саяхат «Мынау 2017 жылдың оқушылары оқу кинозалында. «Уақыт лупасы» деп аталатын ерекше құрылғы арқылы олар еліміздің жаңа бейнесі қалай қалыптасқанын бақы¬лай алады» деп басталады. Одан кейінгі көріністерде «таудың түпсіз шатқал¬дарының арасына салынған көпірлер, ол үшін атомдық дәлдікпен қазылған каналдар мен кесілген төбешіктер, Обь пен Енисей өзендерін бұру» суреттелген. Әрі қарай Беринг бұғазы арқылы салын¬ған плотинадан жүйткіген атом пойызы көрініс тапқан. «Плотина Мұзды мұхиттан келетін суық ағыстың жолын кесіп, Қиыр Шығыстың климатына оң әсер етті». Әрине, қазір алып көпірлермен, плотиналармен ешкімді таңғалдыра ал¬майсыз. Атом пойызы болмағанмен, электр пойыздар алысты жақын етіп жүр. Ал,  Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияға бұру өткен ғасырдағы ең ірі инже¬нерлік жоба болғанмен, орындалмай қалды. 
Диафильм кадрларында мәңгілік энер¬гия көздеріне жету үшін болаттан жасалған жерасты «көртышқан» кайық¬тар¬дың шахтаны қалай жарғаны, жарық¬тың жылдамдығымен жүйткіген жұлдыз¬аралық корабльдер бейнеленген. 
Әу баста айтқанымыздай, география са¬бағындағы  киносеанс аяқталған соң, пән мұғалімі шәкірттеріне поляр шең¬берінің ар жағындағы Углеград деп ата¬латын жерасты қаласына саяхатқа бара¬тындарын айтады. Одан арғы плен¬ка¬лар¬да 2017 жыл Игорь атты оқушының өмі¬рімен байланыстырыла отырып су¬рет¬теледі.
Игорь орталық ауа райын басқару инс¬титутында жұмыс істейтін әкесі ойлап тапқан қабырға сағатынан шығып, түртіп оятатын қолдың қимылынан ұйқысынан тұрды. Асүйде анасының ақылды кули¬нар¬лық агрегатқа арналған жазбасы арқы¬лы өзінің сүйікті асын дайындады. Кули¬нарлық машинаның көзге көрінбейтін сәу-лелері жазбадағы тапсырмаларды оқып, автомат-ожаулар тағамдарды өлшеп салып, арнайы пышақтар көкөністерді кесе бастады. Кенет әкесінің кабинетінен анасы¬ның даусы естілді. Анасы телеви¬деофон арқылы «тамағыңды іштің бе?» деп сұрады. Телевидеофон арқылы байланысқа шыққан анасы қазір Қара теңіздегі теп-лоход үстіндегі балабақшада. Теңізде орна¬ласқан балабақшаларды тексеруге әрі сондағы кішкентай балаларын көріп келуге кеткен. Байланыс соңында әкесіне ертең келетінін ескертуді айтты. 
Кадрлардағы 2017 мен нақты 2017-нің айырмасы қандай? Бізді қабырға сағатынан шығатын қол оятпаса да, қолданысымызда неше түрлі оятқыштар бар. Бүгінде асүйдегі «ақылды кулинарлық агрегаттың» түр-түрі әйелдердің тапсырмасын орын¬дап, кез келген тамақты пісіріп береді. Телевидеофон дегеніңіз – қазіргі скайп желісі. Қара теңізбен де, мұхиттың арғы жағымен де байланыстырып тұр.   
Кейінгі пленкаларда Игорьдың сынып¬тастарымен бірге Углеград қаласына сая¬хаты жайлы баяндалған. Арктиканың бет қаратпас бұрқасыны, саяхатшылардың эс¬калатор арқылы жерасты қаласына тү¬суі, Углеград қаласының тама¬ша табиғаты суреттелген. Үстінде боран бұрқап жат¬қанмен, мұндағы тұрғын-дар жағажайда серуендеп жүр. Углегард¬тың бас инженері мәңгілік көктем болып тұратын қаланың жетістіктерімен оқушы¬ларды таныстырды. Жоғарыдағы ауа райының қолайсыздығы жұ¬мыстарына кедер¬гі келтіргенін де айтты. 
Бүгінгі күннің биігінен қарасаңыз, түсі¬ніксіз жайттар да жеткілікті. Ұшқыр қиял¬дан туған Арктикадағы жерасты қала¬сының неліктен көмір өндіру үшін салын-ғаны ұғынықсыз. Энергияның еш елде жоқ түрлі баламаларын жасап шығарған, күн¬делікті тіршілігіне өзек еткен, жер астын¬дағы «жұмақ» қалаға көмірдің қажеттілігі қандай?  
Кинокадрлардың жалғасында Игорьдің әкесі жұмыс істейтін ауа райын басқаратын ұшатын станцияның жұмысы көрсетілген. Станцияның болашағы зор, кабинетте оты¬рып-ақ радиобасқару батырмасын басса¬ңыз, машина ұшып барып, дауылды тоқта¬тады, теңіз дауылына тосқауыл қояды. 
Ұшатын станцияның сынға түсетін кезі де көп күттірмеді. Келесі пленкаларда Тынық мұхитта империалистер қару сы¬нап, соның кесірінен, Қара теңізде (бұл да түсініксіз) цунами  болу қаупі туындады. Ал Игорьдің әкесі ұшатын ауа райын бақылау станциямен ұшып барып, апатты болдырмады. Станциядан бөлінетін көрінбейтін энергия құйынмен арпалысып, ақыры жеңді. Сөйтіп, Қара теңіздегі бала¬бақшадағы балаларын,  жүздеген адамның өмірін құтқарып қалды. 
Бұл кезде Мәскеу үлкен мерекеге дайындалып жатқан-ды. Тынық мұхиттағы цунами кезінде мұнда да аспанды қорға¬сын бұлт жапты. Ұшатын станция өз жұмысын атқарып болған соң, бұлт тарқап, мәскеуліктер газеттердің жаңа нөмірінен ғылым мен технология жетістіктері, ауа райын бақылау станциясының жеңісі тура¬лы оқып, талқылай бастады. Бұл жеңіс Қа¬зан төңкерісінің 100 жылды-ғымен тұс¬па-тұс келіп, ел шат-шадыман күйге бөленді.
Өткен ғасырдағы адамзат баласы жасаған ең өрескел қателік – «табиғатты бағындырамыз» деп ұрандау болғаны белгілі.  Қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдігі бұзылу салдарынан, қазір табиғи апаттар мен жер сілкіністері жиілеп кетті. Жоғарыдағы қиялдан туындаған «жеңіс¬тердің» ішінде адамның қолы жет¬кені – бұлтты сейілту. Бәлкім, келесі жүзжылдықта қиялдағы арман-мақсаттар орындалатын болар. 
М.МЕРЕЙ.


ТАНЫМ 07 қаңтар 2017 г. 1 923 0