Коронавирустың тағы бір басты белгілерінің бірі аталды. Ол - көздің шырышты қабығының қабынуы, - деп хабарлайды Вести.Ru.
Дереккөз мәліметінше, дене қызуы жоғары, жөтелі бар адамдар офтальмолог дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатса, бұл - коронавирус жұқтырудың бірден-бір дәлелі.
Мамандар бұл жағдайда конъюктивиттің жеңіл түрі болатынын айтады.
Бейжіңдегі медициналық орталықтың мамандары коронавирустан айыққандардың тағы бір апта уақыта вирус таратушы болатынын айтады. Ол мұны дәлелдеу үшін 16 науқасқа зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесі науқастардың жартысында 1-8 күннен кейін де короновирустың белгілері болғанын көрсеткен.
Осылайша, зерттеу авторларының бірі, медицина докторы Ликсин Сенің айтуынша, каратиннен шыққандар тағы 1-2 апта оқшаулануы керек.