Жастар жайлы қанатты сөздер

Адам өмірге келген соң ұрпақ қалдыруға, өзінің ізін қалдыруға тырысады. Қалдырған ұрпағына үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбие беруге асығады. Халқымыз ер жігіттің міндеті өзінен кейін ұрпақ қалдыру деп түсінеді. Ұрпақтың өзін өмір деп біледі. Назарларыңызға жастық пен өмір жайлы нақыл сөздерді ұсынуды жөн көріп отырмыз. 

Ата тұрып ұл сөйлесе – ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе – бой жеткені болар.
Азамат жетім болмайды – халықтың болса панасы,
халық жетім болмайды – басшысы болса данасы.
Сырым Датұлы

Жастықта көкірек – зор, уайым – жоқ.
Абай

Кәрісі кімнің жоқ болса, жасы болар дуана.
Махамбет

Атаның ұлы – атасына тартып туар.
Махмұд Қашқари

 Аңдысқан мына дүниеде – біреуге-біреу табашы.
 Жігіттің бағы қайтады – ағайын-жұртын алдаса.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Адам қызметі кіріспей қазына тумайды.
Әлихан Бөкейханов

Кәрі өлсе – дауыл тынғаны,
жас өлсе – бәйтерегіңнің сынғаны.
Шал ақын

Елу деген – ердің, ерлік істердің жасы.
Орындалған арман – бақыт,
Орындалмаған арман – күйік.
Шерхан Мұртаза

Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.
Сайф Сарайи

Бір бала бар – атасына жете туады,
Бір бала – атасынан өте туады,
Бір бала – көтінен кері кете туады.
Қазыбек би

Адамның өмірі уақыттан үнемдеген істерімен ұзарады.
Ф.Коллиер

Өмірдің гүлі – жігіттің шақ.
Атаның орны балаға қалады.
Барлық адамның өмірі бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі.
Балалық өтті дегенше – жігіттік жеттік десеңші.
Жүсіп Баласағұн

Өмірдің шарт – күрес.
Күрес тоқтаған жерде өмір де тоқтайды.
В.Белинский

Адам қызметі кіріспей қазына тумайды.
Әлихан Бөйкеханов

Он бес жас – құйын қуған желмен тең,
жиырма жас – дауыл ұрған көлмен тең,
отыз бес – ағып жатқан селмен тең,
қырық бес – аю аспас белмен тең,
жетпіс бес – ер көңілің жермен тең.
Сексенде – селкілдеген шал боларсың,
тоқсанда – сексенге де зар боларсың,
 жүзге келсең – дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың.
 Жиренше шешен


Дереккөз: massaget.kz
ТАНЫМ 02 наурыз 2020 г. 919 0