Үлкен Алуадин нағашым ауыл сыртынан көзін ашпаған күшік тауып әкелді, ол күшікке Барбос деп ат қойып, түйе бағатын Матығұл атты нағашымның үйіне қалдырып кетті. Мен ол кезде сол ауылда болатынмын, ұмытпасам 5-6-шы класс оқитын кезім болуы керек.Күшік өзі қатарлы күшіктерденн ерекше болып өсті, қол аяғы балғадай,алдына қойған тамақты қаллырмай ішетін, бір ерекше қасиеті ит аяқты жаламайтын, желісінен көтерсең қыңсыламайтын, еркелетсең құйрығын бұлғаңдатып еркелемейтін, кейде таяқпен ұрсаң қыңсыламайтын өзіңе өткір көзімен қарағанда, қорыққаннан өзің көзіңді тайдырып аласың.
Бұны байқаған Матығұл көкем бұл қасқыр мен иттің арасынан пайда болған күшік болуы мүмкін, жақын жердегі мен білетін иттерден ерекше,түр түсі де іс әрекеті де итке ұқсамайды деп айтқаны.
Барбос өсе келе ауылдағы иттерге қосылуды қойды, үйдің жанына бөгде иттерде, көршінің малдары да келе алмайтын болды,жолаушыға еріп келген небір төбет иттер Барбосты көрсе құйрығын бұтына қысып иесінің артына тығылып тіптен иесімен бірге үйге дейін келіп, иесі қашан далаға шыққанша есік алдында жататын.Мен Барбоспен мақтанып,жүрген жерімде айта бастадым.Бір қыс өтіп келесі қыс келді,қыс қатты болып қар қалың болды,мал қолға қарап қалды.
Түнемелік ауыл сыртына қасқыр жақындап дауыстары есітіле бастады,ол кезде нағашым сыртқа шығып қолына қос ауыз мылтығын алып,бір-екі оқ атып қайтатын.
Сол қыста бір күннің ішінде Барбос итіміз із-түзсіз жоғалып кетті,сол кеткенен мол кетті.
Барбостың жоғалғанына екі жылдың жүзі болды, ол ит жөнінде ұмытып та кеттік.Бір күні Матығұл көкем ауыл маңында жайылып жүрген бір үйір жылқысы жоғалып кетті,қалың киініп қолына дүрбісін алып,жарамды атқа отырып мал қарауға шығып кетті.
Сол кеткеннен араға үш-төрт күн салып ауылға жоғалған малдарын алдына салып, аман-есен оралды.
Атам шай үстінде жүрген жерің аман ба,жоғалған малыңды тауып аман есен келгенің олжа,көрген - білгеніңді айта отыр деді.
Көкем жас болса да шайқор болатын, оның үстіне мінезі орнықты ретімен ғана сөйлейтіні бар еді,шай ішіп тер шыққан соң көкем қуанышты кейіппен әңгімесін бастады.Үйден шыққан күні көп жерді аралап,кешкілік Құрманәлі жездемнің үйіне қондым,келесі күні жылқылар қалың құмның арасына ықтап жүрген шығар деген оймен қалыңды араладым,бір кезде атым осқырынып екі құлағын қайшылап үрке бастады,артыма қарасам екі қасқыр ентелеп келіп қалыпты,менде атқа қамшы салып қаша басталым,қасқырлар да қалысар емес бір кезде атрыма қарасам баяғы өзім асыраған Барбос күшігім. Дауысымды қатты шығарып Барбос, Барбос деп қайта-қайта айқайладым, сол кезде оларда жыламдығын түсіре бастады, бір кезде қарасам екеуі бір бірімен алысып жатыр екен,менде тоқтап қарап тұрдым, арасында Барбос деп айқайлап қоямын. Сонымен не керек бірталай алысып-жұлысқан соң Барбос құлағынан тістеп астына жығып алған соң,тамағынан алып бірталай жұлқылап барып үстіне құлады,бірақ тістеген жерінен айрылар емес. Менде біршама уақыт тұрып қасына жақындадым, Барбосым да әбден шаршаған тұруға шамасы жоқ,екі көзі менде,тістеген күйінде қасқырдың үстінде жата берді.Барбос деп басын сипадым, екі көзі қанталап кетіпті, менен кешірім сүрағанда екі көзін жүмып қозғалмай жата берді. Мен бір сағаттай қасында тұрып,үстіне артық алып шыққан шапанымды жауып,сол жатқанынан тұрмады.
Дегенмен тегі қасқыр болса да,асыраған егесін ұмытпағанына таң қалдым, іштей ризашылығымды білдіріп,артыма қарай-қарай кеттім деп әңгімесін аяқтады.
"Қасқырдың терісін сыпырсаңда,тектілігін сыпыра алмайсың" деген бар.
Молдабек Шегентаев