Әлемдегі ерекше балалар өмірден өз орнын тапты ма?

Вундеркинд балалар туралы естіген боларсыз. Әлемде даму ерекшелігі өзгеше мұндай кішкентайлар көп. Десе де табиғат берген зор қабілеті олардың кейінгі өмірлеріне кедергі болып жататын кездер де жоқ емес. Сонымен қатар, өмірден өз орнын таппай кеткендері де кездеседі.

 Мәселен, Паша Коноплев 3 жасында математикалық қиын есептерді шығарып, 8 жасқа толғанда физикалық жаттығуларды орындаған. 15 жасында студент атанып, арада 5 жыл өткен соң ғалым атанады. Ол әлемде алғашқылардың бірі болып компьютерлік бағдарлама ойлап тапқандардың бірі. Алайда  зор қабілеті оның жүйкесінің сыр беруіне себеп болып, өзіне қол жұмсауға дейін апарған екен.

Ника Турбина есімді қыз 9 жасында өлеңдер жинағын шығарып, оның шығармалары бірнеше тілге аударылған. Бірақ, 16 жасында ол да жүйке ауруына ұшырап, Швейцарияға барып емделуіне тура келді. 27 жасында 5 –ші қабаттан құлап кеткен бойжеткеннің өлімі әлі күнге дейін зерттелмеген.

Найдан Рушева бала жасынан суретші болады.12 жасында оның сурет көрмесі көпшілікке таныстырылды. Алайда 17 жасында өмірден озған суретші қыздың туғаннан жүйкесінде кінәрат болғанын ата-анасы да білмеген.

Ким Унг Йонг өз қатарластарынан әлдеқайда озық болды.Ол 5 жасында 5 тілде еркін сөйлеген. 15 жасында НАСА-да жұмыс жасайды. Жолы болған вундеркинд баланың алдағы болашағы да жарқын. Қазір ол әлемдегі ең ақылды адамдардың тізіміне енген.


Дайындаған Айсәуле ҚАРАПАЕВА.

ТАНЫМ 06 ақпан 2020 г. 654 0