« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
1. Жылқыны бірінші болып, б.з.д. 5000 ж. Азияның көшпелі халықтары қолданды. (Бұл туралы төменде кеңірек қозғаймыз).
2. Аттың көзінің радиусы – өте үлкен. Ол тіпті басын бұрмай, артында тұрған барлық нәрсені көре алады.
3. Әлемдегі ең қымбат жылқы – Шариф биші. Ол араб шейхіне 40 миллион долларға сатылды.
4. Жылқы күніне кемінде 25 литр су ішеді.
5. Әлемдегі ең үлкен және ауыр аттын есімі Сэмпсон, оның салмағы 1,52 тонна.
6. Жылдамдық рекорды Мексиканың айғыры Бех Ракитке тиесілі (69,6 км/с). 7. Олар адамның дауысындағы эмоцияларды байқай алады.
8. Аңыз бойынша Ескендір Зұлқарнайынды (Александр Македонский), Буцефал есімді аты 9 рет өлімнен аман алып қалған. Ал шайқас кезінде қайтыс болған соң, оның есімімен қаланы атаған.
9. Аттарға ұйықтау үшін тәугініне 4 сағат жетеді.
10. Әлем бойынша жылқының шамамен 160 тұқымы бар. Араб аттары – ең қымбат.
11. Жылқының тістері: олардың жасын және денсаулығын анықтайтын құрал. Аталарымыз айтатын «Жақсы аттың тісін қарамас болар» сөзі осыған қатысты болса керек.
12. Австралияда археологиялық қазба кезінде жылқы сүйектері табылған жоқ. Бұл материкке олар 18 ғасырда әкелінді.
13. Жылқылар шамамен 25-30 жыл өмір сүреді. Англияда дүниеге келген «Кәрі Билли» есімді ат, 62 жыл өмір сүрді деген ақпарат бар.
14. Жылқыларда бес сезім органы өте жақсы дамыған: есту, көру, иіс сезу, дәм тату, сезім түйсігі.
15. Жауға қарсы қолданатын ең күрделі әдісі – тұяқтың соққысы. Бұл соққы адамды өлімге әкелуі мүмкін.
16. Африка тайпаларының сенімі бойынша, аттың тұяғынан мерт болған адам, бірден жұмаққа түседі.
17. Жердегі жануарлардың барлығының арасында ең үлкен көз - жылқыда.
18. Құлын туылғаннан кейін, бірнеше сағаттан соң жүгіре алады.
19. Аттың сүйектері адамнан 18 сүйекке артық.
20. Жылқылар аузымен дем ала алмайды, сондықтан мұрны жабық болса, олар тұншығып қалады.
Бұл қызғылықты мәліметке белгілі зерттеуші, этнограф Ахмет Тоқтабайдың дерегін қоссақ, ол бүгінде дүниежүзінде 65 миллион жылқы және 250-ден астам жылқы тұқымы барын айтады.
– Жылқы біздің қазақ жерінен шыққан. Бұл жәй айтыла салған сөз емес. Оған Көкшетау облысындағы Ботай қонысынан табылып жатқан жылқы сүйектері дәлел. Әлемдік археологияда дәл осылай бір қоныстан жүз мыңдаған жылқының сүйегінің табылуы болмаған. Осы қонысты көптеген ғалым зерттеп, археолог Виктор Зайберт отыз жылдан астам уақыт қазып жатыр. Археологиялық және палеологиялық зерттеулер жүргізе келе табылған жылқылардың қазақтың жабысынан айнымайтыны белгілі болды, –дейді ғалым.
Этнограф Ахмет Тоқтабай "жабы" сөзінің түп-төркіні "жабайы" деген сөзден шыққанын айтады. Үш мың жыл бұрын арилер, екі мың жыл бұрын ғұндар, одан кейін мың жарым жыл бұрын түркілер мен қыпшақтар көшіп, шетінен Еуропаны жаулап алып отырды. Яғни, Батысқа жылқыларды осы тайпалар алып барған. Сондай-ақ, ғалым қазақтың тарихы жылқымен тығыз байланысты екенін айтып өтті.
– Қазақтың барлық шекарасы жылқы тұяғымен сызылған және қорғалған. Қазақтың тарихы – жылқының тұяғымен жазылған шежіре десек те болады. Осындай алып территориямызды қорғауға көмектесті. Жылқы сол заманда атом қаруы сияқты болды десем, артық айтпаймын. Себебі, ол мыңдаған километрді бағындыратын күшке ие еді. Дәлірек айтсақ, жылқы көбейіп кеткенде біздің арғы аталарымыз жайылым мен жайлау іздеп, басқалардың жерін тартып алып, шекараны кеңейткен. Кейін иелік еткен жерлерін жылқымен қорғаған, – дейді жылқы тақырыбын тереңінен зерттеп жүрген ғалым Ахмет Тоқтабай.
Айтпақшы, жылқының жасына қарай аталуы мен жүріс түрлері, түсі мен сыртқы мүшелерін бұрынғы қазақ қалай атаған. Дәл бүгінгі уақытта біз, қазақ жігіттері мұны толық білеміз бе? Төмендегі суреттерде осылар жайлы қысқаша мәлімет береді. Мархабат!!!
Мақала интернеттен дайындалды.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |