Бас ауруды емдеудің 6 әдісі

Басыңыз сәл ауырса, дәрі ішуді әдетке айналдырдыңыз ба? Бұл жағымсыз сезімнен құтылудың басқа амалдарын ұсынамыз. 

Су ішу
 Бас ауыру – ағзаның бізге берген бір белгісі. Бас сақинасының мүмкін себептерінің бірі – ағзаның сусыздануы. Алайда бұл құбылыс әр кезде шөлдеумен бірге жүрмейді.Тіпті, мүлдем су ішкіңіз келмеуі мүмкін. Бірақ басыңыз ауырған бойда бір стақан су ішіп алыңыз, содан соң күні бойы аз- аздан су ішіп жүріңіз. Ағза ылғалдың қажетті мөлшерін алған соң бастың ауыруы әлсіз бола түседі. Бірақ қарапайым судан басқа сусындар көмектеспейді. Міндетті түрде қантсыз, қоспасыз және газсыз таза су ішу керек.

Қараңғыда демалу
 Кейде бас сақинасының пайда болуына қарапайым жарық (табиғи немесе электрлік) себепші болады. Егер күні бойы компьютердің алдында жұмыс істеген болсаңыз, экранның жарығы тек көзіңізге әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар бас ауруының пайда болуына ықпал етеді. Сондықтан басыңыз ауырайын деп тұрғанын сезсеңіз немесе басыңыз ауырып тұрса, компьютерді сөндіріп тастаңыз және мүмкіндік болса, техниканың барлығы тоқтан суырылып тұрған қараңғы бөлмеге барып, аздап демалыңыз. Жарықтан басыңыз жиі ауыратын болса, күннен қорғайтын көзілдірікті тек жазда емес, қыста да киіп жүріңіз.

Ванна қабылдау
Мүмкіндік болса, басыңыз ауырған бойда жылы ванна қабылдаңыз. Суға түймедақ немесе басқа да емдік шөптерді салыңыз. Эфир майлары туралы да ұмытпаңыз. Жағымды иістер бас ауыруын кетіре алады. Судан шыққан соң бірнеше тамшы эфир майын желке тұсына жағып, аздап массаж жасаңыз.

Суық компресс басу
 Сүлгіні суық суға сулап, басыңызға қойыңыз. Суық қан жүретін тамырларды тарылтады, сондықтан бас ауырғандығын басады. Бұл процедураны 10 минут шамасында жасауға болады.

Үй жануарларын құшақтау
Үй жануарлары шынымен де әртүрлі ауруларды жеңілдете алады. Мысалы, мысықты құшақтау қысымның түсуіне себепші болады. Тіпті, мысықтың пырылдағанына дейін бас ауырғандығын кетіруге көмектеседі екен.

Кофені азайту
Кофе адамға есірткі секілді әсер етеді. Себебі кофеге жылдам үйреніп кетесіз. Сондықтан ағзаға кофеиннің қандай да бір мөлшері жетпей тұрса, ол бас ауруын шақыртады. Алайда кофеден бірден бас тартпай, оның мөлшерін біртіндеп азайтыңыз.

ТАНЫМ 14 желтоксан 2019 г. 1 017 0