Интерактивті еден

Украина мектептерінде интерактивті тақтамен қатар, заманауи еден төселуде. «Ақылды еден» cандық және проекциялық технологиялардың жиынтығы саналады. Интерактивті еден әзірге балаға да, ұстазға да ұнап тұр. Мұнда әр пәнді қамтитын 130-дан астам жаттығу жүктелген.

Ағылшын тілі, денсаулық сабағы, жол жүру ережесін оқушы ойнап отырып үйре­неді. Бастауыш сынып оқу­шылары әлі де ойын баласы болғандықтан, партада күн ұзақ отырғаннан басқа сабақты ойын түрінде үйренсе, қабылдау қабілеті артады. Еденге дамыту, білім бағдарламасынан бөлек секіртетін, сергітетін жат­тығулар жүктелген.

Суреттерді түртіп көруге, тыңдауға болады. Бұл жаңалық ауыл мен аудандардағы оқу ордаларына әлі толық жетпеген. Интерактивтік құрылғының құны 100 мың гривен, шамамен 4 мың доллардан асады.

ТАНЫМ 15 қыркүйек 2019 г. 1 212 0