Туристер үшін қауіпсіз ел

 Финляндия туристер үшін әлемдегі ең қауіпсіз ел болып саналады. Бұл туралы The Travel and Tourism Competitiveness Report 2019 Дүниежүзілік экономикалық форумда хабарлады. Рейтинг халықаралық ұйымдардың статистикалық мәліметтері және жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша түзілген. Туристер үшін қауіпсіз саналатын мемлекеттердің үштігін Исландия мен Оман түйіндеді.

Ал алғашқы ондықта Швейцария, Гонконг, БАӘ, Люксембург, Португалия мен Жаңа Зеландия бар. Қазақстан бұл тізімде 80-орында тұр. Ең қауіпті елдердің қатарына Сальвадор, Нигерия, Йемен, Венесуэла мен Гондурас енген.

Наурыз айында Финляндия 2018 жылдың қоры­тындысы бойынша ең ба­қытты мемлекеттердің көшін бастаған. Ауа сапасы жо­ғары елдер сапында да бірінші орынға шыққан.

ТАНЫМ 15 қыркүйек 2019 г. 990 0