Қауіпсіздік сертификатын ұялы телефондардан қалай өшіруге болады?

 

ҰҚК қауіпсіздік сертификатын пайдалануға арналған тестілеудің аяқталғанын хабарлады. Оны ұялы телефондардан қалай алып тастауға болатыны туралы ақпаратты BNews.kz сайты жариялады.

QTR сертификатын iPhone немесе iPad-тан өшіруге арналған нұсқаулық:

Сертификатты өшіру: Баптаулар > Негізгі > Осы құрылғы туралы > Сертификат сенімі > Qaznet Trust Network сертификатындағы белгіні алып тастаңыз.

Әрі қарай, iOS-тың стандартты нұсқауларын орындаңыз: Бағдарламаны және оның конфигурация профилін жойыңыз.

Бағдарлама белгішесін ол жанғанша басып тұрыңыз. Оны жою үшін бағдарламаның жоғарғы сол жақ бұрышындағы крестті басыңыз.

Егер "Осы бағдарламаны жою оның деректерін де жояды" хабар пайда болса, "Жою" түймесін басыңыз.

Қажет болса, құрылғыға құпия сөзді енгізіп, "Жою" түймесін басыңыз.

Құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз.

Android-қа арналған нұсқаулық:

Баптауларға кіріңіз > Қауіпсіздік > Тіркеу деректерін өшіру.

Қажет болса, құрылғыға құпия сөзді енгізіңіз. Сертификатты өшіріңіз.

Құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК қауіпсіздік сертификатының не үшін қажет екенін айтқан болатын.

6 тамызда ведомство қауіпсіздік сертификатын тестілеуді аяқтағанын хабарлады.

Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

ТАНЫМ 07 тамыз 2019 г. 951 0