« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Балмұздақ – ересектер мен балалардың сүйіп жейтін сүтті тағамдардың бірі. Бұл өнімге сұраныс әсіресе жаздың аптап ыстығында арта түседі. Балмұздақты тұтынғаннан кейін тағамнан улану болмас үшін өнімді дұрыс таңдай білу қажет. Денсаулықты зақымдамай, өзінің тіл үйірер дәмімен, бой сергітер салқындығымен қуанту үшін балмұздақ таңдаудың бірнеше әдісін ұсынамыз.
Келесі белгілерге назар аударыңыз:
1. Балмұздақ түрлері.«Сүт пен сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 033/2013 техникалық регламент талаптарына сәйкес балмұздақ – көпіршітілген сұйық және мұздатылған күйде тұтынылатын тәтті сүт өнімдері, сүт құрамдас өнімдер.
Балмұздақтың құрамында болатын сүт майлылығының үлес салмағы келесідей:
-сүтті – сүт майлылығының ү. с. 7,5% артық емес
- кілегейлі – сүт майлылығының ү.с. 8-11,5
- пломбир – сүт майлылығыныңү. с. 12% кем емес
- сүт қышқылды – сүт майлылығыныңү. с. 7,5 % артық емес
- сүт майын ауыстырғышпен (сүтті және өсімдік май қоспалары ) – сүт майлылығыныңү.с.12% артық емес
2.Сыртқы орамасы. Өнімнің атауымен мұқият танысыңыз.Сүт майын ауыстырғышпен жасалған балмұздақ атауында «сүт майын ауыстырғышпен әзірленген балұздақ» деген жазу міндетті түрде болуы керек. Мұндай балмұздақ түрлерінің сыртқы қаптамасында «сүтті», «кілегейлі», «пломбир» деген атауларды қолдануға болмайды. Қаптаманың сыртқы көрінісіне назар аударыңыз. Орамасы герметикалық және мұқият оралған болуы тиіс.Құрамы анық оқылатын және толық жазылуы керек. Құрамы жоқ, жазулары түсініксіз болған жағдайда мұндай өнімді сатып алудан бас тартқаныңыз жөн.Сыртқы орамасында міндетті түрде көрсетілуі керек мәліметтер: дайындалған мерзімі, сақтау мерзімі, құрамы, массасы (нетто), МЕМСТ (немесе ТУ).
3.Текстурасымен пішіні. Өндірілуіне қарай балмұздақ екі түрлі болады: жұмсақ және мұздатылған (қатырылған). Қатырылған балмұздақ фризерленетін, сығымдалатын және қатырылатын қоспадан әзірленеді. Жұмсақ (құйылмалы) балмұздақ қатыру сатысынанөтпейді, сондықтан сақтау мерзімі де ұзақ емес.
Балмұздақ өндірісінде:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 164 бұйрығымен бекітілген"Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес балмұздақ өндірісінде қолдануға болмайды:
1) сірке қышқылын, инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардан алынған үйректің, қаздың, сондай-ақ тауықтың жұмыртқаларын қолдануға;
2) сауда желісінен қайта өңдеу үшін сұйық қоспа түріндегі еріген және механикалық ластанған балмұздақты қабылдауға;
3) эмальданған ванналарды, мырышпен қапталған темірден және қалайыланбаған мыстан жасалған ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.
Сапалы балмұздақ белгілері:
– оңай бөлініп алынады – себебі жақсы қатырылған балмұздақтың массасы әрқашан тығыз консистенциялы болып келеді.
– мыжылмаған, сығылмаған, ал егер мыжылған немесе басқалай деформацияланған болса онда ол дұрыс сақталмаған немесе сақтау мерзімі өтіп кеткен болуы әбден мүмкін.
Сақтау мерзіміне аса мән беріңіз, егер маркировкасы өшірілген немесе түсініксіз болса оны тұтынудан аулақ болыңыз.
Өсімдік майлары туралы. Сатып алар кезде балмұздақ құрамындағы өсімдік майларын анықтау мүмкін емес. Бұл жетілдірілген өндіріс технологиясымен байланысты.Өндірушінің балмұздақ массасының құрамына өсімдік майын қосқандығын білудің жалғыз тәсілі –арнайы зертханада сынама аылп, оны фитостериндерге тексеру болып табылады.
Өсімдік майлары қосылған балмұздақтың бағасы арзандау келеді, оны да ескеріңіз. Себебі табиғи кілегейдің орнына пальма немесе өсімдік майларының басқа түрлері қосылады.
Сапалы балмұздақ:
Сапасыз балмұздақ:
Қазіргі таңда құйылмалы балмұздақ сатушыларды қаланың кез келген жерінен кездестіруге болады. Бұл сауда орындары эпидемиологиялық маңыздылығы жоқ топқа жатқандықтан, олар ерекше тәртіп түрінде тексеруге жатпайды, тек тұтынушылардың арыз-шағымы бойынша ғана жоспардан тыс тексеріледі және сатылатын өнімнің сапасы үшін жауапкершілікті толығымен осы өнімді сататын кәсіпкер көтереді. Сондықтан балмұздақ аларда біз айтқан кеңестерді ескеріп, сапалы өнім таңдаңыз.
Қызылорда облысының тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін
бақылау департаменті
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |