« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
78 жастағы қария қатты науқастанып, дем жетпей қиналады. Ауруханада екі күн бойы оттегімен демалады. Жағдайы жақсарғанда аурухана дәрігерлері оның екі күндік бағасын көрсетіп, ақысын төлемесе де болатынын айтыпты. Бірақ, түбіртекке жазылған соманы көргенде ақсақал еріксіз көзіне жас алады. Қариядан неге жылағанын сұрағанда: «Мен 78 жыл Алланың берген тегін ауасын жұтып келдім. Бұл үшін жаратқан иеме қанша қарыз екенімді ойлап, аза бойым қаза болып тұр. Бір минут ауаның қаншалықты құнды екенін енді сезіндім» деген екен.
Расында, бұл әңгімеден көп ғибрат алуға болады. Кейде көп адамдар асылық сөйлеп, артық кетіп жатады. Қолындағы барына разы болмай, тағдырына налиды. Біреулер биік баспанасы болмағанына күйзелсе, енді бірі мінетін көлігінің жоқтығына реніш білдіреді. Бірақ екі аяғының сау болғаны үшін разы емес. Тағы бір адамдар шетелге барып қыдыра алмайтынына өкінеді. Алайда береке мен бірліктің бастауы өз шаңырағында екенін тағы ұмыт қалдырады. Бәрін айт та бірін айт, егер он екі мүшеңіз сау болса, онда сіз ең бай адамсыз! Сенбейсіз бе?
Мәселен, танымайтын адам келіп, сізге «екі көзіңді берші, мен саған 100 млн доллар беремін» десе, келісер ме едіңіз? Жоқ, әрине! Енді ойланып қарасаңыз, зағип адамнан сіз он есе бай екенсіз. Себебі, әлемде жыл сайын 100 800 адам ағзасын ауыстырады. Оның 69 400-і бүйрегін, 20 200-і бауырын, 5400-і жүректі, 2400-і ұйқы безін салдырған. Адам ағзасының қара базардағы орташа бағасы туралы шетелдік сайттар мынадай ақпараттар жариялаған болатын. Мұнда бүйрек ең өтімді қымбат тауар саналады. Ол заңсыз сауданың 75 %-н құрайды, 200 мың доллардан сатылады. Ал Үндістан мен Қытайда әлдеқайда арзан, 15-60 мың доллар аралығында. Бауыр да – көп сатылатын тауар. Оның бағасы 157 мың долларға дейін жетеді. Ал заңсыз нарықтың дилерлері көкбауырға 500 доллар ұсынады. Көкбауырсыз өмір сүру қиын. Бірақ адамдарға мұндай ота жасалмапты. Әлемдік трансплантанция тарихында алғашқы жүрек 1 млн доллардан астам қаржыға ауыстырылған. Ал бүгінде заңсыз нарық оны 119 мың долларға бағалайды. Асқазан сирек сатылатын тауар деп есептеледі екен. Сүйек майының грамы заңсыз түрде 23 мың долларға дейін саудаланады. Заңсыз нарықта сатылатын адам ағзасы мен дене бөліктерінің ішінде транспланттау отасына арналмағандары да бар. Мысалы, тістері сақталған бас сүйек үшін 1200 доллар беретіндер де табылады. 2015 жылы америкалық мамандар бас терісін ауыстыру отасын сәтті жасаған екен. Оның құны 600 доллар тұрады. Қан – қашанда өтімді тауар. Оның бағасы да әртүрлі. Орташа алғанда жарты литрден асатын қан 337 доллар тұрады. Парик өндірісіне тапсырылатын шаштың 25 сантиметрі 70 долларға бағаланады. Адам миын бұл нарықта тек медициналық зерттеулер үшін сатып алады.
Жоғарыдағы әр ағзаның нарықтағы бағасын есептеп қарасаңыз, сіздің өн бойыңыз тұнып тұрған ақша! Иә, иә. Сіз өте байсыз! Міне, сондықтан да халқымыз «денсаулық – зор байлық» деді емес пе? Ендеше, зор байлықтың құнын, әрбір жұтқан ауаның қадірін бағалай біліңіз!
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |