« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Жер бетінде миллиондаған адамның назарын аудартатын құпияға толы жұмбақ орындар жетерлік. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Табиғат жаратқан бұл дүниелер адамның қолымен жасалғандай көрінеді. Олай болса, әлемдегі құпия орындарға саяхат жасап көрелік.
АҚШ-тағы ібіліс мұнарасы. Бұл мұнара көптеген бағандардан
тұратын тас. Табиғаттың ғажайыбы саналатын ол дұрыс пішінде болғандықтан өте әдемі көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, мұнара магма балқымасының нәтижесінде 200 млн жыл бұрын пайда болған. Аңыз бойынша, бұл жерде ібіліс өмір сүрген деп айтылады.
Кахокия қорғандары. Ғаламшардағы ең құпия мекендердің бірі
саналған бұл жерде ежелгі үндістер өмір сүрген. Сарапшылардың пайымдауынша, қорған 1500 жыл бұрын 40 мыңға жуық адам мекендеген ең әсем, гүлденген қалалардың бірі болған. Археологтар мұнан көптеген террассалар, биік қорғандар мен күнтізбені тапқан. Ең қызығы ғалымдар әлі күнге дейін бұл қаладан тұрғындардың неге көшіп кеткенін, қайда кеткенін түсіндіре алмайды.
3. Чавинда – көптеген аңызды қойнына бүккен Мексикадағы жұмбақ
орын. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, Чавинда – бұл шынайы және басқа әлемдермен қиылысудың орталығы. Сондықтан мұнда жұмбақ заттар көптеп орын алады. Аңыз бойынша, ешкім таба алмайтын қазына сақталған. Соған қарамастан бұл жерден қазына іздейтін адамдар саны көп саналады.
4. Ньюгрейндж – Ирландиядағы ең ескі ғимарат. Зерттеушілердің пайымынша, біздің заманымыздан 5000 жыл бұрын пайда болған. Мұның қабір болуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ кімге салынғанын айту қиын. Ғалымдардың өзі мұндай керемет құрылыстың қандай мақсатта салынғаны туралы ешқандай ақпарат бере алмайды. Қызықты жайт, бұл ғимарат өзінің алғашқы бейнесін сақтап қана қоймай, бүгінгі күнге дейін су өткізбейтін қасиетін де жоғалтпаған.
5. Йонагуни пирамидалары. Жапониядағы су астындағы пирамидалар кез келген археологтың қызығушылығын тудырмай қоймайды. Бірақ, ғалымдар мұның адам не табиғаттың жасағаны екенін білмейді.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |