Адам сенбес сәйкестіктер

Кейде өмірде адам логикасына сыймайтын сәйкестіктер кездесіп жатады. Сондай сәйкестіктердің бірқатарына назар аударып көріңіз. 


Бір-бірін білмеген егіздің тағдыры


Огайо штатында дүниеге келген егіз бала бір-бірінен туған бойда ажырап қалған. Екеуін екі отбасы асырап алып, екеуіне де Джеймс деп ат қойған. Екеуі де еңбек жолдарын полициядан бастап, Линда есімді әйелдерге үйленген. Тіпті асыраған иттерінің де аты бірдей, яғни Той болған. Ал балаларын Джеймс Аллан деп атаған.

 

Эдгар Поның « уақыт машинасы» болған ба?


Көпшілік атақты Эдгар Поның «Артур Гордон Пимнің басынан өткендері» атты повесін оқып, жарты ғасырдан кейін болған оқиғаны суреттегініне таң қалады. Шығармада кеме апатынан тірі қалған төрт теңізшінің Ричард Паркер атты жасөспірім баланы жейтіні суреттелген. Поның айтуынша повест болған оқиға негізінде жазылған. Бірақ бұл оқиға шығарма жарық көрген соң 46 жылдан кейін болған. Ең қызығы, апаттан аман қалған кеме экипажы расымен де Ричард Паркер атты баланы азық қылуға шешім қабылдаған.      


Линкольн мен Кеннеди


АҚШ-тың  Авраам Линкольн  және Джон  Кеннеди атты қос президентінің арасындағы сәйкестіктер де таң қалдырады. Линкольн 1860 жылы президент болып сайланса, 100 жылдан соң 1960 жылы Кеннеди президент болды. Екеуі де афроамерикандықтардың құқықтарына алаңдаумен өтті. Екеуі де жұма күні әйелдерінің көзінше өлтірілді. Линкольнге «Форд» театрында, ал Кеннеди «Форд» компаниясының «Линкольн» кабриолетінде келе жатқанда оқ атылған. Екеуінен кейін де президент болғандардың тегі – Джонсон. Линкольннан кейінгі президент Эндрю Джонсон 1808 жылы, ал Кеннедиден кейінгі президент Линдон Джонсон 1908 жылы туған. Линкольннің хатшысының аты Джон, ал Кеннединің хатшысының тегі Линкольн екен. Тағы бір сәйкестік, Линкольнді театрда атқан адам қоймада, ал Кеннедиді қоймадан атқан адам театрда ұсталған. 


«Титаниктің» күйреуі туралы 14 жыл бұрын айтылған


1988 жылы атақты «Титаник» кемесінің күйреуінен 14 жыл бұрын фантаст-жазушы  Морган Робертсон «Әурешілік» деген новелла жазып, «Титан» атты кеменің суға батқанын суреттеген. Бірақ сәйкестіктер тек кеме атауымен бітпейді. Новеллада суреттелген кеменің техникалық мінездемесі «Титаникпен» бірдей. Өмірдегі және шығармадағы кемелер Солтүстік Атлантикада айсбергпен соқтығысып апатқа ұшырайды. Екеуі де суға батпайтын деп есептелген және екі кемеде де апат кезінде құтқару шлюпкалары жетіспеген.

   

Ақсақ Темір зиратындағы жазу


1941 жылдың 20 маусымында Кеңес археологтары Ақсақ Темірдің зиратын ашқаны белгілі. Құлпытаста  «Менің зиратымды ашқандар менен де қаһарлы басқыншыға тап болады» деген жазу болған. Бірақ археологтар жазуға мән бермей, ескертуді елең қылмаған. Екі күннен кейін Гитлерлік Германия Кеңес Одағына басып кірді.   

 

Мультфильмдегі ескерту

 

2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы оқиғадан 5 ай бұрын жарыққа шыққан «Джонни Браво» мультсериалындағы картинкада  «Жақында» деген жазу болған.

 
ТАНЫМ 02 мамыр 2019 г. 864 0