« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
«Дүйсенбіден бастап жаңа өмір бастаймын». Осы айтылған дүние сол күйі қалатын кез көп. Себебі, басым көпшілігіміз ойға алған істі ертеңге, келесі аптаға, алдағы айға, тіпті келер жылға қалдырудан жалықпаймыз.
Ал, кезекті кейіпкеріміз Ирина Ан жалқаулыққа жол бермей, күресуге шақырады. Оны жеңуде арнайы жапон қағидасын ұстанатынын да айтады. «Кайдзен» қағидасы Иринаға әртүрлі сылтау тауып, орындағысы келмеген ісін жүзеге асыруға көмектескен екен. Тіпті, шабыт сыйлап, аэройога секілді жаңа хоббимен айналысуына сеп болған.
– «Кайдзенді» «1 минут қағидасы» деп те атайды. Бұл қағиданы ұстау арқылы сіз өзіңізге деген сенімсіздікті жойып, алға ұмтыласыз. Сосын бара-бара 1 минуттік жаттығуыңыз 5 минутқа ұласады. Сөйте жүріп, жарты сағатқа да жетесіз. Бұл қағида Жапонияда пайда болған. «Кай» – өзгеріс, «дзен» білімділік деген мағынаны білдіреді. Қағида авторы Масааки Имаи оның жеке өмірде де, кәсіпте де көмектесетінін айтады. Бұл рас. Өйткені, мен де жаңа дүниелерге көп назар аудара бастадым. Ойда-жоқта аэройогаға қызығушылық танытып, өзімді жетілдіруге күш салдым. Алматы, Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларында өткен арнайы шеберлік сабақтарына қатыстым. Тың тәжірибе жинақтап, өңірде алғашқылардың бірі болып, аэройога үйірмесін аштым, – дейді Ирина.
Кейіпкеріміз үйірме ашылған уақытта оған қызығушылардың саны аз болғанын айтады. Тек уақыт өте ғана сұраныс көбейген. Себебі, аэройоганың денсаулыққа әсері мол. Буын ауруына, омыртқаға тұз жиналу, артрит және артроз сырқаттарына шалдыққандарға пайдалы. Аптасына үш мәрте жүргізілетін жаттығуларда ойыңызды жинақтап, ағзаны қалыпқа келтіруге мүмкіндік аласыз. Бағасы да қолжетімді.
«Өзіңді үнемі жетілдіріп отыру – өмірлік қажеттілік» деп білетін Ирина тобында әртүрлі жас өкілдері жаттығатынына тоқталды. Бұл ретте аэройоганың жүйесін түсіне бермейтіндер барын да жеткізді. Айтуынша, бүгінде көп адамдар үй жағдайында ғаламтор арқылы аэройогамен айналысып, жарақат алып жатады. Ал, мұндай оқыс оқиғаға жол бермес үшін бастапқыда йога жаттықтырушысымен жұмыс жасаған жөн.
Мөлдір Қалымбет.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |