ӘЛЕМДЕ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР

Әлемде сіз бен біз білмейтін көптеген қызықты құбылыстар мен факторлар жеткілікті. Олар туралы мүлдем хабарсыз болғанның ешқандай сөкеттігі жоқ. Өйткені, бәрін білу әсте мүмкін емес. Сондықтан да төменде бірқатар қызықты жайттарды келтіріп отырмыз.
1. Жер бетіндегі халықтың жартысы ешқашан да қар көрмеген. Олар оны тек сурет пен кинодан ғана біледі.
2. Эйфель мұнарасын әрбір жеті жыл сайын жаңадан бояп тұрады.
3. Қытайда мұғалімдер оқу­шыларға сабақ үстінде 20 минуттай көз іліп алуға рұқсат береді. Демалып алған бала жақсы оқиды деп санайды.
4. Жапонияның Осака қа­ла­сында аспалы авто­жол­дардың бірі биік ғимарат іші­нен, сонда орналасқан ком­па­нияның офисі арқылы өтеді.
5. Әрбір бес адамның екеуі алғашқы махаббатына үйленеді екен.
6. Исландияның астанасы Рейкьявик қаласында қар мен жаңбырдан кейін көктайғақ болмауы үшін тротуарлар жы­лытып тұратын жүйемен жасақталады.
7. Гарри Поттер фильміндегі 13 жастағы оқушы қыз Плакс Митрл ролін 40 жастағы актриса Ширли Хендерсон ойнаған.
8. Чарли Чаплиннің «егіз­деріне» арналған конкурста Чарли Чаплин үшінші орын алған.
9. Коала тәулігіне 18-22 сағат ұйықтайды.
10. Плутон ғаламшарының көлемі Ресей территориясынан үлкен емес.
11. Әлемде ең көп сатылатын тауар – Рубик кубигі, екінші орында – IPHONE.
12. Сәбилер үш айдан асқанша көзінен жас шықпай жылайды.
13. Аспан әлеміндегі жұл­дыздар саны жер бетіндегі құм түйіршіктерінен көп.
14. Джон Рокфеллер жас кезінде  100 мың доллар табыс тауып, 100 жасауды армандады. Ол 97 жыл өмір сүріп, 192 млн доллар табыс тапты. Көріп отырғандарыңыздай, ар­мандардың бәрі орындала бермейді екен.
15. Токио қаласында жан­уарлар демалуы үшін зообақты жылына екі айға жауып қояды.
16. Балалар орташа есеппен күніне 400 рет, ал ересектер 15 рет күледі.
17. Телефонды ойлап тап­қан Александр Грейам анасы және әйелімен бірде-бір рет телефонмен сөйлескен емес. Өйткені, олар мылқау болды.
18. Калифорния штатын­дағы Ливермор қаласында 100 жылдан аса уақыттан бері жанып тұрған лампочка бар. Дәлірек айтқанда, ол 1901 жылы орнатылған.
19. Астронавтар шлем­дерінде қажет кезінде бетін, мұрнын сипау үшін орнатылған арнаулы құрылғылар бар.
20. Колибри – алға да, артқа да ұша алатын әлемдегі жалғыз құс.
Әзірлеген
Ы.ТӘЖІҰЛЫ.
«Сыр бойы».
ТАНЫМ 02 сәуір 2019 г. 1 262 0