Бір минуттық күлкі 25 минуттық жаттығумен тең

Бүгін – сонау Франция елінен бастау алған Ақымақтар, Жапония мемлекетінде Қуыршақтар ал Қазақстанда Күлкі күні.
1 сәуірді кейбіреулер Алдар көсенің туған күні деп те атайды. Алайда бұл күн елімізде атаулы мереке ретінде аталып өтпесе де, халық арасында бір-бірімен әзілдесіп, қалжыңдасып, жанындағы серігіне күлкі сыйлап, көңіл көтерумен өтеді. Яғни бұл – қалай болғанда да жақын жандарыңның жүзіне қуаныш ұялататын күн.
Осы орайда күлкінің адам өміріне пайдасы туралы айтсақ:
* Күлген кезде адам бойындағы қан тамырлары кеңейіп, қысым азаяды. Яғни жүрек ауруына шалдығыу қаупі төмендейді.
* Бұлшық еттері сергіп, қан айналымы жақсарып, тері өңі тәуірленеді.
* Өкпе жұмыс істегенде, қан құрамындағы оттек көбейеді.
* Ағзада күлу процесі жүріп жатқанда вирус, бактериялармен күресетін элементтер бөлінеді.
* Бір минуттық күлкі фитнестегі 25 минуттық жаттығумен тең.
* Қатты күлгенде қанда иендорфин пайда болып, ауырған жердің сыздағанын басып, бастың сақинасы мен жауырын құрысуын әлсіретеді.
* Адам миының сол жақ жартысының жұмысын жақсартады.
* Бетке массаж жасап, тынысты кеңейтеді.
* Көзден жас аққанша күлу күйзелісті жеңеді. Көз жасымен бірге күйзеліс гормондарының құрамына кіретін заттар сыртқа шығады.
Демек күлкінің адам өміріне тигізер пайдасы көп. Сондықтан әр таңда күліп ояныңыз!

Аружан МАХМУД,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінің 4 курс студенті.
ТАНЫМ 01 сәуір 2019 г. 1 029 0