« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті қай өңірдің тұрғындары көп ұйықтайтындығын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ведомство мәліметінше, өңірлер арасында ұйқыға орта есеппен бәрінен жоғары Жамбыл облысының тұрғындары 9 сағат 48 минут, ал төмен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 8 сағат 42 минут уақыт жұмсайды екен.
Сонымен қатар Қазақстандағы әйелдер ас әзірлеу, кір жуу, ыдыс жуу, жинастыру үй шаруасына орта есеппен күніне 4 сағат 48 минут шығындайды.
10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар оқуға орта есеппен күніне 4 сағат 36 минут шамасында уақыт кетіреді.
Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысында ерлерде ең көп бос уақыты 5 сағат 44 минут болса, Жамбыл облысындағы ерлерде ең аз бос уақыт 3 сағат 58 минутты құрайды.
Жалпы, Статистика комитетінің дерегінше, ауылды жерде тұратын халық (62,2%) қалалы жерде тұратын халыққа (53,2%) қарағанда өзінің өміріне көбірек қанағаттанады.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |