« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Неке – отбасын құрудың негізі. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.
Мен Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, неке және отбасы туралы заңға сәйкес 18 жасқа толғаннан кейін некеге тұра аламын. Алайда, біздің елімізде жүктілік кезінде немесе некеге тұрушылардың ортақ баласы болса мемлекеттік неке қиюды тіркеу орны неке жасын 2 жасқа дейін кеміте алады екен. Ол үшін неке жасын төмендету туралы өтініш беру керек.
Неке жасын төмендету тек қана некеге отырушылардың келісімімен іске асады. Сонымен қатар неке жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімін алу қажет.
Біз некемізді арнайы мемлекеттік неке сарайында қидырдық. Дегенмен неке қию рәсімін тіркеуші органдарда (АХАТ) іске асыруға да болады.
Неке қидыру рәсіміне ниет білдірген екі азамат та қатысуы шарт.
Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді. Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі.
Айрықша жағдайларда: ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы. Мұндай жағдайда неке қиюды тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен келісіле отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
Некеге отыратын жұп медициналық тексерістен өткені жөн. Ол неке қидыруға ниет білдірген азаматтардың келісімімен іске асады. Дегенмен оларды ешкім міндеттемейді. Медициналық зерттеудің нәтижелері медициналық құпия болып саналады. Оның нәтижесі жолдасына зерттеуден өткен адамның келісімімен ғана айтылады.
Әйел адам тегін ауыстыруға міндетті емес. Дегенмен заңда рұқсат етіледі. Неке қию кезiнде ерлi-зайыптылар қалаулары бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдауына немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалуына да болады. Сондай-ақ біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алуға құқылы.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті. Неке бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы.
Неке қию некеге отыруға тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең. Олардың әрқайсысы кәсібін, қызметін және діни сенімін де өзі таңдауға ерікті.
Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Некеге отыратын адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi немесе ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп аталады.
Неке шарты:
Шартта ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн, бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсілдерін, өздерінің әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға, сондай-ақ неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi, сондай-ақ осы некеден туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайын енгізеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша болашақ жұбайлар ресми түрде тек отбасылық қатынастарды ғана емес, сонымен қатар шарттары егжей-тегжейлі неке шартында (келісім-шартында) көрсетілген мүліктік қатынастарды да тіркей алады. Неке шартын тіркеуді нотариус өткізеді.
Неке шартын тіркеу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
Некені тіркеу туралы өтінішті қайда беруге болады?
АХАЖ бөліміне 1 ай бұрын болашақ ерлі-зайыптылардың бірінің тұрғылықты тіркелген жері бойынша өтініш білдіруге болады.
Ол үшін келесі құжаттар қажет:
Немесе, ең тиімді тәсілі Еgov.kz порталы арқылы электронды өтініш тастау. Ол үшін қажет құжаттар:
Егер сіз бұрында некелескен болсаңыз, алдыңғы некенің болған жағдайында деректерді тексеру үшін дәлелдейтін құжаттар (ажырасу туралы куәлік) апаруыңыз керек.
Материал авторы: Мейірім Бақытжанова
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |