
"Президент қолына қанша рет домбыра алды, санап жіберейік". Президент Телерадиокешені Instagram желісінде жариялаған видеоның астында осылай жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандықтар "Президент қолына қанша рет домбыра алды?" деген сұраққа түрліше жауап беріп жатыр. Біреулер 11 десе, екіншілердің жауабы - 12. Айта кетейік, 1 шілде Қазақстан Ұлттық домбыра күнін атап өтіп жатыр. 2018 жылы 13 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық домбыра күні туралы қаулысы жарияланды. Бұл мерекеге орай Алматыда шаралар 1 шілдеде сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін Панфилов, Жібек жолы көшелерінде және Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында жалғасады. Астанада мерекелік басты шаралар "Қазақ Елі" монументінің жанында өтеді.