"UBS" банк және инвестициялар компаниясы қоныстану мен тұрмыс үшін әлемдегі ең қымбат және ең арзан ірі қалалардың тізімін жасады. Индексі 100-ге тең Нью-Йорк қаласындағы нарық эталон есебінде қабылданған. Тізімде барлығы 77 қала қамтылған. Нарықты саралау үшін компания 3 адамнан тұратын тұрмысы орта Еуропа жанұясы пайдаланатын 128 түрлі тауар мен қызметтерден тұратын стандарт тұтыну себетін жасаған. Мемлекеттер арасындағы тұтыну талаптары мен айырмашылықтар да есепке алынған. Ең қымбат қалалар (топ-10) Цюрих (Швейцария) — 116,8 Женева (Швейцария) — 113,4 Осло (Норвегия) — 107,8 Копенгаген (Дания) — 106,1 Нью-Йорк (АҚШ) — 100 Токио (Жапония) — 99,5 Милан (Италия) — 95,4 Лондон (Ұлыбритания) — 92,9 Чикаго (АҚШ) — 92,7 Хельсинки (Финляндия) — 91,8. Ең арзан қалалар (топ-10) Каир (Египет) — 34,6 Лагос (Нигерия) — 40,6 Киев (Украина) — 44,0 Манила (Филиппин) — 45,2 Нью-Дели (Үндістан) — 46,0 Мумбаи (Үндістан) — 46,6 Ханой (Вьетнам) — 47,2 София (Болгария) — 50,7 Мехико (Мексика) — 51,0 Найроби (Кения) — 52,7. Бұл ерекше рейтинг арқылы сондай-ақ, Сеул (88,3), Таллин (70,2), Пекин (65,1), Санкт-Петербург (62,6), Мәскеу (61,6), Рига (57,7), Стамбул (52,7) сияқты қалалардың арасындағы нарықтар айырмашылығын біліп алуыңызға болады.