Ұзақ өмір сүрудің жеңіл тәсілі анықталды

Таза ауада үнемі бірқалыпты физикалық жаттығулар жасау егде адамдар арасындағы өлім-жітім қаупін азайтады. Ұлыбританиялық ғалымдардың зерттеуі British Journal of Sports Medicine журналында жарияланды. 
 Зерттеу қорытындысы күнделікті жарты сағат серуендеу өлім-жітім қаупін 17 пайызға төмендететінін көрсетіп отыр.  Зерттеу авторлары 1181 ер адамның денсаулық жағдайы мен өлім-жіті динамикасын бақылап келген. Зерттеу басталған уақытта ер адамдардың орташа жасы 78-ге жуықтаған еді. Әр адамды орташа есеппен бес жыл бақылап, зерттеу соңына дейін 194 адам көз жұмған.  
Мамандар итпен серуенге шығу немесе бақшадағы жұмыс сияқты қарқынды физикалық жаттығулар да өлім-жітім қаупін төмендетеді, алайда, мұндай жаттығуларды егде адамдардың бәрі көтере алмайтынын атап өтті. Ал жеңіл дене жаттығуларының өмір ұзақтығына айтарлықтай үлес қосатынын белгілі болып отыр.
ТАНЫМ 21 ақпан 2018 г. 1 079 0