| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||
Әуежайға келгенде әуе рейсіңіз кешіктірілгенін естідіңіз. Осындай жағдайда не істеу керек? Бұл ретте сіздің қандай құқықтарыңыз бар? Авиакомпаниядан өтемақы алуға бола ма? Өз құқықтарыңды мойындату үшін қандай шара қолдану қажет? Осы туралы айтамыз.Бірінші ұшақ рейстерінің қандай жағдайларда кешігетінін қарастырайық:
Ұшақ рейсі кешіктірілген жағдайда жолаушылардың бірнеше құқықтары бар. Олар “ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы” заңының86-бабында көрсетілген. Тасымалдаушының кінәсінен рейс кешіктірілсе, әуе кемесі кеш келсе, тасымалдау маршрутының өзгеруінен рейс кідірсе, авиакомпания жолаушыларына мынадай жағдайларды жасауға міндетті:
Жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыларға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
Рейсті 4 сағаттан артық күткенде:
Жоғарыда аталған барлық қызметтер тегін көрсетілуі тиіс!
Осы талаптарды орындамаған тасымалдаушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 567-бабына сәйкес жауапқа тартылады. Егер ондай жағдай бірінші рет орын алса, авиакомпианияға 481 000 теңге (200 АЕК), бір жыл ішінде қайталанса, 2 405 000 теңге (1000 АЕК) айыппұл салынады.
Егер тасымалдаушы авиакомпания жоғарыда көрсетілген міндеттерін орындамаса, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне шағымдануға болады.
| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||