« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Әр адам шетелге шығып, мәдениетін танып, саяхаттағанды ұнатады. Саяхатшы қыдырып қай қалаға бармаса да ең бірінші көретін жері сол қаланың әуежайы. Сол себепті әуежайдың әдемі, қолайлы, қауіпсіз болуы шарт. Әрбір жолаушы өз ұшағын күтіп, көп уақытын әуежайда өткізетіндіктен, әуежайдың маңыздылығы өте зор.
Лондондағы Хитроу әуежайы
Жылына 69,4 млн жолаушы қабылдайды.
Лондон қаласының мэрі Борис Джонсон «бұл әуежай туристерге Ұлыбритания жайлы жаман көзқарас қалыптастырады» десе де,
Хитроу әуежайы үздік ондықтың қатарына енді. Хитроу әуежайы сауалнама барысында 5 балдық дауыс беру жүйесінде 4 балға ие болған. Лондон әуежайының басымдылығы: әуежейдың өте қарапайым болуы, әуерейстер жайлы ақпараттардың қол жетімді болуы, қызметкерлкердің жақсы қызмет көрсетуі және т.б. Сонымен қоса, бұл әуежай жылдың «ең үздік дүкендері», «ең үздік терминалдар» деген атаққа қол жеткізді.
Халықаралық Ванкувер әуежайы
Жылына 18 млн жолаушы қабылдайды.
Үздік он әуежайдың ішінде ең аз жолаушы қабылдайтын Ванкувер әуежайы, өзінің атақты өнер мұражайымен әлемге танымал.
Төрт жыл қатарынан Солтүстік Американың үздік әуежайы атағына ие болып келе жатқан бұл орын, аумағын үлкейту үшін жұмсалған 1,4 миллиард доллар ақшаны толықтай ақтап отыр. Сапалы қызмет көрсету жағынанан жоғары бағаланған.
Ерекшелігі сол, әуежайда жасыл түсті киім киген ерікті адамдар келген жолаушыларға көмек көрсету арқылы қызмет сапасын артырады.
Цюрих әуежайы
Жылына 78,7 млн жолаушы қабылдайды.
Қытай астанасы Пекинде орналасқан. 78 миллионға жуық адам қабылдайтын бұл әуежай, жолаушы қабылдау тұрғысынан Атланта қаласындағы Хартсфилд-Джексон әуежайынан кейін әлемде екінші орын алады.
Әуежай «үздік терминал» деген атақты жеңіп алды.
Пекиндегі Langham Place қонақ үйі әуежай қонақ үйлерінің ішінде әлемде екінші сатыда келеді.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |