Әдетте халық кез келген шығармаға «жақ¬сы жазылыпты, жаман жазылыпты» деп өз бағасын беріп жатады. Ол – заңды құбылыс.
Кім туралы жазсаң да, кім туралы айтсаң да оның сәтті шығуы үшін жазып, айтып отырған адамың жаратылысынан жақсы адам болуы керек. Оны жан-жақты, жақсы білуің керек, жақсы түсінуің керек, жақсы көруің шарт. Сон¬да ғана жақсы шығарма туады.
Жақсы адамның жақсылығының өзі – еш¬қандай әсерлеусіз-ақ, әшекейлеусіз-ақ, көтер¬мелеусіз-ақ, дәнекерлеусіз-ақ жақсы шығарма.
Жиіркеніп отырып, жиырылып отырып, жек көріп отырып жақсы сөз айту, жақсы шығарма жазу, шешілу, көсілу, тебірену, терең¬нен тербеу мүмкін емес. «Көңілсізден көзсіз бала туады» демей ме?!
«Жақсы сөз жарым ырыс емес, толық ырыс», – дейді Ұзақ Еспанов. Жақсы сөзді, жақсы лебізді, мақтау, мадақ айтуды адам түгілі, ештеңеге мұқтаж емес, бүкіл әлемнің жаратушысы Алланың өзі де ұнатады екен.
Алла тағала өзі жаратқан пендесіне «Сен маған қарай бір қадам жасасаң, мен саған қарай он қадам жасаймын, егер сен маған қарай он қадам жасасаң, мен саған қарай жүгіремін» дейді екен. Не деген керемет ұлылық, не деген кісілік, не деген кішілік, бүкіл адамзатқа не деген теңдесі жоқ үлгі, өнеге десеңші?!
Бұл дүниеде кім де болса, сыйлағанның құлы, «Сыйға сырық бойламайды», «Сыйға сый, сыраға бал» Сыйластықтан артық ештеңе жоқ. Сыйластық бар жерде, қимастық бар. Атам қазақ: «Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес» дейді.
Бәріміз де Құдайдың құлымыз, Пайғамбар¬дың үмбетіміз, Шадиярдың досымыз, Иман¬мағзамның қауымындамыз.
Олай болса, бәріміз де доспыз, бауырмыз, туыспыз, тамырласпыз.
Ал, Бозғұлов Ерекеңнің достығы, бауыр¬ластығы, адам сыйлауы, тіптен, сәлемдесуі де ерекше еді.
Өмірде бірін-бірі жақсы көретін адам¬дар¬дың «қарағым, шырағым, айналайын» дейтіні баршамызға белгілі жәйт қой, ал жақсы көрген адамын «жаным» дейтін жалғыз адам Ерекең еді.
Ерекеңмен бір кездесудің өзі бір ғанибет, бір сұхбаттасқанның өзі бір өмір еді. Құшағын ашып, бауырына басып, жаным дегені жаның¬ды жадыратады, жарықтықтың бір сәлемінің өзі бір ат мінгізгендей еді.
Бірде еліміздің қадірлі азаматы Исатай Әбді¬кәрімов қайтыс болғасын, туыс-жек¬жат¬тар, дос-жарандар кезекті бейсен¬білікке жиналдық. Бәріміз дастарханға жайғасып жа¬тыр¬мыз, Ерекең болса, қабырғада ілулі тұр¬ған Исекеңнің бейне портретінің алдында басын иіп, сүйіп жатыр.
Талай жақсыларды көрдік, талай жайсаң¬дарды көрдік, талай жан жолдастарды көрдік, талай арасынан қыл өтпес достарды көрдік, талай сыйластарды, талай қимастарды көрдік, бірақ шын езіліп, шын егіліп біреудің біреу суретін сүйгенді көрген емеспіз.
«Жаным» деген жан тебірентерлік, жан семіртерлік құдіретті сөзді тек Ерекеңнен есті¬дік, осыншама адамды Пір тұтудың, сый¬лаудың, құрметтеудің, асыл аға рухын тер¬бетудің киелі, кіршіксіз, адал, азаматтық үл¬гісін Ерекеңнен көрдік.
Ерекеңнің өзі, өмірі табиғатынан таза, мөлдір ойы, тәтті, тағылымды, бәтуалы, сали¬қалы сөзі, тындырымды, тиянақты, игілікті ісі, отбасына, әулетіне, елге, халыққа, мемлекетке, уақытқа, тарихқа деген кіршіксіз адалдығы, жолдасқа, досқа жалпы адамға деген пе¬йілі, ықыласы, ілтипаты, адамсүйгіштігі, адам¬сыйлағыштығы, адамтыңдағыштығы кімге де болса, қашан да болса ерекше таңданарлықтай, таңқаларлықтай, баршамызға мәңгілік өшпес, өлмес үлгі, өнеге боларлықтай еді.
Мөлдір бұлақтың тау шыңынан, қасиетті, киелі, таза жерден бастау алатындай Ерекеңнің де тамаша адами қасиеттері оның тегінің, қанының, жанының, тәнінің тазалығынан бастау алады. Лас, арам жерге адал нәрсе шық¬пайды. Ерекең – тырнағына дейін адал азамат.
Ерекеңнің тектілігінің тамыры терең. Оның атасы – белгілі би, Әбілхайыр ханның Екатерина ІІ-ге жіберген елшілерінің бірі Кедей, түпатасы Жалаңтөс Баһадүрдың досы, Алшаханның уәзірі Айтқұл, текатасы – үш жүзге белгілі би де, бай да болған Есімбет сияқты асылдардың, алтындардың сынығы, тұлпарлардың тұяғы.
Сондықтан да Ерекеңнің Ерекең болмауы мүмкін емес еді.
Ерекеңнің жолбасшысы, қолбасшысы, өмір¬басшысы, бақыт басшысы – Алланың сыйы ақылы, ақылшысы да, ұстазы да, шәкірті де, сыйынары да, сүйенері де – өзі, жетекшісі, бағдаршамы – таудай талабы, тірегі мен темір¬қазығы терең білімі мен мол тәжірибесі, жолдасы, өмірсерігі өзі сүйген, жасампаз құрылысшы кәсібі, шолушысы, барлаушысы қырғидай қиялы мен оттай ойы, қорғаны – сабыры мен салихалығы, салауаттылығы, қорғаушысы – маңғаз мінезі, желеп-жебеуші, адал еңбегі, адал өмірі, сынаушысы – халық, тарих, уақыт.
Қызға қырық үйден тыю дегендей, атқа мінгенің ажалға мінгенің, ел сенімін, халық аманатын арқалаған азаматқа осының бәрі керек, қырық қыр, жүз сыр да артықтық қылмайды.
Мен Ерекеңмен өткен ғасырдың сексе¬нінші жылдары Шиелі аупарткомының бірінші хатшысы кезімде нақты іс үстінде, еңбекте етене таныстым, табыстым. Ол кісі менің өтінішіммен, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Тәкей Есетовтің тапсырмасымен біздің ауданға жоспардан тыс жер тегістеп беру мәселесімен келді. Аяғында керзі етік, қолында 96 беттік дәптер, қарапайым киінген, тегістелетін жерді, болашақ каналдың, қашыртқының жолдарын ерінбей-жалықпай, егжей-тегжейлі жаяу аралап көрді.
Жәрдемші де, жобалаушы да, орындаушы да, басшы да, қосшы да өзі сияқты, бәрін дәптерге мұқият түсіріп жатыр, түсіріп жа¬тыр. Жүріс-тұрысы салмақты, тапсырмасы тиянақты, уәдесіне, антына, сертіне берік, екі айтпайтын, алған бетінен қайтпайтын, өз ісінің жетік маманы, үлкен ұйымдастырушысы, ауқымды, жауапты істің адамы екендігіне менің сол кездерде көзім де, көңілім де әбден жетті.
Екеуміздің таныстығымыз, сыйластығы¬мыз, ағалы-інілігіміз, тілектестігіміз, достығы¬мыз осы үлкен халықтық, игілікті істен бастау алып еді.
Ең тұрақты, ең сенімді, баянды достық, ой-өрісі, қадір-қасиеті, дүниетанымы, пікір-көзқарасы, дәреже-деңгейі бірдей, терезесі тең, керегесі кең, бар болмысы сәйкес, үндес, үйлесімді келетін адамдардың «Әлемнің әмір¬шісі – еңбекте» бірін-бірі тануы, табысуы, достасуы.
Бұл өмірде де, ол өмірде де ұлылар ұлы¬ларды табады, жақсылар жақсыларды табады, жамандар жамандарды табады, адалдар адал¬дарды табады, арамдар арамдарды табады. «Тең теңімен, тезек қабымен» демей ме?! Жақсылар мен жайсаңдар тірісінде түгілі, өлгенде де көсіліп, қатар жатуды қалайды.
Ұлы орыс халқы: «Рыбак рыбака видит из далека» деп те бекер айтпаған ғой.
Ерекең қалай айтсаң да, қай жағынан келсең де, қандай өлшемге салсаң да етек-жеңі кең, көлеңкесі мен шуағы мол, ұлық¬тығына кішіктігі, даналығына даралығы, аза¬маттығына айбындылығы жарасқан, құдай үйген бір төбедей кісі еді.
Сол жылдары облыстық партия комитеті¬нің пленумында, елдің, халықтың алдында «Жұмысты Ержігіт Бозғұловтай, Орынбай Жанәділовтей істеу керек» деп осы асыл азаматтардың өзіне, өміріне, жасампаз еңбек¬теріне өз ризашылығымды мәртебелі мінберден білдіргенім бар.
Қай заманда болмасын, қай қоғамда бо묬ма¬сын судың, жердің тілін білген адам құрметті, қоғамда алатын орны ерекше болған. Сондықтан да халық: «Судың, жердің тілін білген ұтады, судың, жердің тілін білмеген құртады» деп бекер айтпаған. Қазақ тарихында ертеден жердің, судың тілін білетін адамдарды Мұраб деп атаған.
Сусыз, жерсіз тамақ жоқ, тамақсыз өмір жоқ. Мұраб – халықтың асыраушысы. Мұ¬раᬬтарды құрметтеу, ұлықтау, ұлағаттау, ма¬рବпаттау, мадақтау, ынталандыру дәстүрі снау Николай ІІ патшаның заманында да болған. Ол 1890 жылы арнайы «Мұраб» атты медаль шығарып, суармалы егіншілікке ай¬рықша еңбегі сіңген Мұрабтарға шен беріп, шекпен жауып, медаль тапсырған. Осындай марапаттың иегері, Сыр мұрабтарының атасы Қасымбет ахунның ұлы Нұртаза ақсақал бол¬ған.
Құдайға шүкір, осы қасиетті, киелі мұраб¬тық дәстүр өзінің жарасымды жалғасын тауып, Кеңес дәуірінде Қазақстанда Нұртаза атамыздың жаңа деңгейдегі, жаңа замандағы бір шоғыр, білімді, талантты мұрагерлері мен шәкірттері өсіп шықты.
Олар Сыр бойында, Қазақстанда суармалы егін шаруашылығын қалыптастыруда, суарма¬лы жерлерді инженерлік жүйеге келтіруде ерекше еңбек етті.
Солардың қажырлы, жасампаз еңбегінің, білімінің, білігінің, тәжірибесінің, маңдай ет, табан терінің арқасында Қазақстанның суар¬малы аймақтары нағыз байлықпен, дәулеттің қайнар көзіне айналып, халқы өсіп-өркендеді, көктеп-көгерді.
Олардың жасампаздық, жанқиярлық ең¬бегі¬нің арқасында Қазақстанда 1,5 млн гектар суар¬малы жерлер игерілді. Жүз мың шақырым каналдар мен қашыртқылар қазылып, 500 мың гидротехникалық-инженерлік нысандар соғылды.
Соның нәтижесінде республикада мақта, күріш, қант қызылшасы түгелдей, көкөністің, жеміс-жидек, бау-бақшаның, картоптың, тех¬никалық дақылдардың 80 пайызы осы суар¬малы жерлерге орналасты.
Олар: елімізге белгілі қоғам және мем¬лекет қайраткерлері – Мұстахим Ықсанов, Сұл¬тан Сәрсенбаев, Әбубәкір Тыныбаев, Эрик Гукасов, Шәймерден Бәкіров, Ержігіт Боз¬ғұлов, Виктор Гончаров, Нариман Қып¬шақ¬баев, Балтабай Сәрсенов, Қасқабай Асанов, Ромальд Ковалевский, Алексей Анти¬пов, Алексей Киселев, Ғафар Мурзалиев, Сабыр Арыстанбаев, Елтай Құтыбаев, Әлімбет Жап¬пар¬ханов, Әбдіманап Құтжанов, Мәделхан Нәлібаевтар.
«Жолдасыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтайын» дегендей, Ержігіт Боз¬ғұловтың замандастары, тағдырластары, әріп¬¬тестері, мұраттастары, қанаттастары, жол¬дас¬тары, достары осындай тұғырлы тұл¬ғалар еді.
Дос таба білудің өзі, дос таңдай білудің өзі, дос бола білудің өзі, досты сақтай білудің өзі үлкен адами қасиет, азаматтық ерлік, табиғи талант.
Жарықтық Ерекең осы ірілердің ішінде ірі еді, шоқтығы биік марқасқалардың, қайыспас қара нарлардың бірі еді.
Осы жақсылардың бәрі де Ерекеңді құр¬меттеп, сыйлап, сеніп, тыңдап, есептесіп, еске¬ріп, «Ереке» дейтін, «Жүрген жерің береке» дейтін, «Жүрген жерің мереке» дейтін бәрі де ақылдасатын, арқа сүйейтін, маңдай да, арқа да, табан да тірейтін.
Жоғарыда аты аталған ардақты, асыл аза¬маттардың әрқайсысының өзі жөнінде, өмірі жөнінде, өнегесі жөнінде, мамандығы аза¬маттығы, қайраткерлігі, қажырлылығы жө¬нін¬де кеңінен әңгіме қозғап, тереңнен тербеуге әбден лайықты. Бірақ оған бір мақаланың ая¬сының тарлық етері сөзсіз. Сондықтан мен осы үлкен құрметпен аты аталған азаматтардың дүниеден озғандарының мәңгілік өшпес рухын, тірілерінің абыройы мен атағын, беделі мен берекесін, ерен еңбегін бетке ұстай отырып, бәрінің атынан Ержігіт Бозғұлов жөнінде Сыр шертуді жөн көрдім. «Атымды ата да, сыбағамды итке таста» деген қазақтың ұрпағы емеспіз бе?!
Облыста 200 мың гектардың үстінде жер инженерлік жүйеге келтіріліп тегістелген, 2500 шақырым магистральдық каналдар, 31 мың шақырымдай ішкі шаруашылық каналдар мен қашыртқылар, 24 мың ірілі-ұсақты гидро¬техникалық-инженерлік құрылыстар бар.
Осыншама байлықты еліміздің «Алтын қоры» деп атайды. «Алтын қор» десе, алтын қор дегендей, жердің тегістелуі, күріш көлемі мен өнімінің еселеп өсуі, облысымыздың экономи¬касын қар¬¬қынды дамытып, халқымыздың ¬хал-ах¬уалын, тұрмысын түбегейлі жақсартты. Ақ кү¬ріш халқымызға бақ та, атақ та, абырой да, ырыс-не¬сібе де болды. Міне, осы байлықтың, ба¬қыт¬тың авторы да, актері де, айналайын, Қы¬зыл¬орданың халқы, мыңдаған білікті су, жер мамандары іскер талантты, ұйымдастырушы басшылардың бір шоғыр тобы екендігіне ешкімнің дауы жоқ деп ойлаймын.
Сол жылдары облыста атқарылған осы игілікті, ізгілікті, тарихи, тағдырлы, бұ¬рын-соңды қиялға да сыймайтын, қыруар жұ¬мыс¬тардың басында, қасында, ортасында қы¬рық жылдай Қызылорданың топырағынан табаны таймай басшы да болып, қосшы да болып, ұйтқы да болып, ұйымдастырушы да болып Ержігіт Бозғұлов жүрді.
Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық бет-бейнесін түбегейлі өзгерткен осындай ат¬қа¬рылған ауқымды жұмыстардың басым көпшілігі Ерекеңнің қолынан өтті.
Әдетте, халық бұл дүниеде үш сауапты жұмыс бар дейді.
Ол: құдық қазу, көпір салу, ағаш егу. Ерекең өзінің терең білімін, мол тәжірибесін, Алла берген табиғи талантын, қадір-қасиетін, адал еңбегін, бүкіл саналы өмірін, өзін канал, қашыртқы, құдық қазуға, жол, көпір салуға, барлық инфрақұрылымдары шешілген сол заманның кіші қалашықтары, кеңшар орта¬лықтарын салуға, оны жасыл желекке бөлеуге арнаған азамат.
Маған оның осы адал еңбекпен, халыққа жасаған жақсылығымен тірнектеп жиған сауабы асу бермес асқар таудай, Ерекеңнің абыроймен ағарған шашы, басы сол таудың қар басқан аппақ шыңындай көрінеді.
Олай болса, Ерекеңнің өзін, өнегелі өмірін, жасампаздық, жанқиярлық ерлік еңбегін, елге, халыққа жақсылық жасаудың нағыз сауапты, иманды іс жасаудың символы деуге әбден болады. Ерекеңнің еңбегі елдің, халықтың есінде, ешқашан ұмытылмақ емес. Облыста тегістеген әрбір алақандай жерден, әрбір метр жолдан, каналдан, қашыртқыдан, бірнеше мың¬даған гидротехникалық, өндірістік, әлеу¬мет¬тік нысандардан, қырмандардан, ұшақ алаң¬дарынан, құдықтардан, көпірлерден Ере¬кеңнің төккен адал терінің иісі аңқып тұр.
Олардың әрқайсысы, жеке-жеке, бірге хор¬мен «біз Ерекеңнің тірісінде өз қолымен өзіне со¬ғып кеткен ескерткішіміз, біз Бозғұловтың өміріміз, өзіміз» деп атой салып, айқайлап елдің, халықтың, тарихтың, уақыттың жадын бүгінде жаңғыртып тұр. Келешекте де солай боларына күмәніміз жоқ.
Бұл болашақ алдында жауапкершілігі өте жоғары тұжырымның шындығына, шы¬найы¬¬лығына көзіміз де, көңіліміз де әб¬ден жет¬кендіктен, осындай көрегенділік, көріп¬келділік кесімді болжам айтып отырмыз.
Бірде сәті түсіп Ерекең, Маханов Тұрғанбай үшеуміз Түгіскен массивіне орналасқан шаруа¬шылықтарды түгел аралап, халықпен, елмен, кездестік, пікірлестік. Қай ауылға барсақ та, жас жігіттер, жігіт ағалары, ардагерлер Ере¬кеңді құшақтап, шын көңілдерімен, ақ пейіл¬дерімен, ыстық ықыластарымен ізгі ілти¬паттарымен арасын жазбай, арқа-жарқа, мәре-сәре, құтты бір әскерден әкесі келгендей сә¬лем¬десіп жатыр, сәлемдесіп жатыр.
Сәлемнің де сәлемі бар ғой, ал бұл сәлемдердің әрқайсысының Ерекеңнің жеке басының байлығы мен бақыты екендігі еш¬кімнің де күдігі мен күмәнін тудыра қоймасы ақиқат.
Ерекең болса, жаны жаздай жадырап, өзі¬не өзі риза болып, «Әй қарағым, сен, әлгі трак¬тордың құлағында ойнайтын, экскаваторды ұршықша иіретін, скрепермен жерді тілмен жа¬лағандай етіп тегістейтін, бетонды бал¬шықша илейтін, зілбатпан темірлерді, плита¬ларды крансыз, қолымен көтеретін анау бір қойдың етін жейтін, он алты кесе сорпа ішетін, ұйықтағанда қорылы бір шақырым жерге жететін пәленшелердің, төленшелердің, түгеншелердің баласысың ғой, өзісің ғой, көзісің ғой айналайын» деп әрқайсысын ен салып, таңба басып қойғандай, бөгернайынан жазбай, жаңылмай танып, бауырына басып жатыр, басып жатыр. Өйткені Ерекең осы массивте іске қосылған әрбір нысанның басын¬да апталап, айлап, жылдап жатып, халықпен, елмен қаны да, жаны да мидай араласып, сол халықтың біріне, бірегейіне айналып кет¬кендей.
Осы көріністерге таңданып, таңқалып, сүй¬сініп рахаттанып тұрғанымда «ойды ой қозғайды, сөзді сөз қозғайды, суды жел қозғайды» дегендей, менің есіме бір тарихи, тағылымды дерек түсе кетті.
Юлий Цезарь, Александр Македонский, Бонопарт Наполеон секілді атақты қолбас¬шылар өздерінің қарамағындағы 25-30 мың солдаттың әрқайсысын жеке-жеке танитын, әрі аттарын да білетін болған екен. Не деген керемет, десеңізші?! Әрине, бұл тегіннен-тегін емес, соғыс деген соғыс, соғыс деген – қантөгіс, соғыс деген ажал – тағдыр, өмір, өлім. Әрбір адам өзінше бөлек болмыс, өзінше қайталанбас құбылыс, бір адамның өмірін, бүкіл адамзаттың өмірі, бір адамның өлімін, бүкіл адамзаттың өлімі, қайғысы, қасіреті деп бағалаған ғой жарықтық жайсаңдар.
Ержігіт Бозғұлов та сондай қайнаған еңбек майданының қансыз, шығынсыз соғыстың маршалы еді ғой.
Жерді инженерлік жүйеге келтіру – қиын, қысылтаяң, қарбалас, қиямет тарихи жа¬уапкершілігі, салмағы, салдары тағдырлы на¬ғыз жанкешті еңбек майданы. Тәулік бойы тынымсыз еңбек, жұмыс күнмен емес, сағат¬пен өлшенеді, жүздеген техниканың гүрілінен, шуынан біреуді біреу естімейді, айналайын Қызылордада 365 күннің 360 күні жел ғой, көкала шаңнан біреуді біреу көрмейді, адам¬дар¬дың жылтыраған көзі менен тісі ғана көрінеді, механизаторлар тамақты техниканың үстінде отырып ішеді, кейде аяқ-қолы сіресіп қалып, адамдардың сүйемелдеуімен техни¬кадан түсетін кезі де болады.
Біреуге-біреу өлдім десе, қарайтын уа¬қыты жоқ, баста тек жоспар, социалистік міндеттеме, жарыс, намыс, алға, алға, тек алға. Сол заманның адамдары қандай фанатиктер десеңізші?!
Айтыңдаршы ағайын, соғыстан мұның несі кем?
Соғыс дегеніміз тек ату-шабу емес, со¬ғыс деген – солдат, адам, оның тамағы, ден¬саулығы, киімі, қару-жарағы, оқ-дәрісі, сайып келгенде, оның көңіл күйі, жалпы әскери құ¬рамалардың жолмен, көпірмен, техникамен, қо¬салқы бөл¬шектермен, жанар-жағармаймен, қажетті құ¬рал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі. Сон¬дықтан да соғыстың нәтижесі, ¬жеңіс¬¬тің тағдыры негізінен осы шаруашылық мә¬се¬лелерінің шешілу дәрежесіне, еңбек май¬данының қалай ұйымдастырылуына тікелей байланысты.
Олай болса, кімде-кім еңбек майданын, ша¬руашылықты, өндірісті нәтижелі басқара алса, ол соғыс майданын да басқара алады де¬сек, ақиқаттың ауылынан алыстамаспыз деп ойлаймын.
Ерекең еңбек майданының маршалы, оның беті аулақ, егер оның тағдырына соғыс кездескенде, ол сөзсіз соғыс майданының да маршалы болар еді.
Ерекеңнің дұшпаны аз, жолдасы мен досы, тілектестері, сыйластары, сырластары көп, шәкіртке бай, төңірегі түгел, іргесі бүтін бақытты адам еді.
Облыста, республикада одан тыс жерлерде «Біз Бозғұловтың шекпенінен шыққанбыз» дейтін атпал азаматтар көптеп саналады. Олар өздерін үлкен құрметпен, мақтанышпен, қанағаттанғандық сезіммен Бозғұловтың адал¬дық, азаматтық, адамгершілік, іскерлік кәсі¬би шеберлік мектебінің шәкірттеріміз деп есептейді, оны үлкен мәртебе деп санайды.
Олар: Мулаев Ибрагим – Чечен-Ингуш Республикасы министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қожахмет Баймаханов, елге, халыққа белгілі абыройлы азаматтар Самұрат Имандосов, Нажмадин Мұсабаев, Айтбай Кө¬шербаев, Айтмұрат Шәменов, Бақыт Нұр¬¬тазаев, Сақтапберген Медеуов, Виктор Степанович Морозов, Герман Степанович Ким, Виталий Миронович Шек, т.б. көптеген азаматтар.
Осы шәкірттерінің Ерекеңді соншалықты сыйлайтындығы, құрметтейтіндігі кімге де болса өнеге боларлықтай. Сыйластық бар жерде қимастық бар.
Мулаев Ибрагим сонау Кавказдан арнайы келіп, Ерекеңнің көңілін сұрап қайтты, соңғы сапарға шығарып салу шараларына қатысып, өзінің ұлағатты, әсерлі естеліктерін айтып, елді елең еткізді.
Ерекеңнің бауырынан шыққан балаларынан кем көрмейтін, сүйікті шәкірттерінің бірі Қожах¬мет Баймаханов «Қаншама уақыт өтсе де, мыңдаған шақырым жерде тұрсам да Ерекеңмен телефонмен отырып сөйлесе алмаймын, қалай орнымнан тұрып кеткенімді өзім де білмеймін» дейді Қожахмет. Шынайы сыйластық, адал сезім, құрмет, ілтипат деген осы да.
Ерекең қаншама жыл есепсіз байлықтың үстінде жүріп дүниеге көз салмай, қызықпай, бойын алдырмай, аяғын шалдырмай, қоғам мүлкін көзінің қарашығындай сақтап, жеке үйсіз, көліксіз жаңа заманның, жаңа қоғамның азаматы болып шыға келді.
Адалдық бар жерде әділдік те, жақсылық та бар екен, Қожахмет пен Самұраттың бас¬тамашылығымен Ерекеңнің 70 жылдық мерей¬тойы қарсаңында, сондай қиын заманда, өтпелі кезеңде, жоқтан бар жасағандай жағ¬дайда шәкірттері, жабылып жүріп ұстаздарын жақсы, жаңа үйге кіргізді.
«Жақсы әке – балаға қырық жыл азық» дегендей, жақсы шәкірттің де ұстазға қырық¬жылдық азық екендігіне көзіміз жетті.
Жақсы адамның шапағаты, шарапаты күннің сәулесіндей түспейтін жері, түспейтін уақыты менен уақиғасы жоқ екендігінің де куәсі болдық.
Менің Сырдария аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы кезім. Аупарткомның бі¬рінші хатшысы Еламан Жүнісбаев. Об¬лыс¬қа республика байланыс министрі Сәбит Байжанов іссапармен келіп, біз ол кісі¬ні ау¬данда күтетін болдық. Табиғаттан, қала¬ның жанындағы дарияның бойындағы сая¬жай¬лардан кісі күтуге лайықты орын іздедік. Зерт¬теуіміздің нәтижесінде ең әдемі, ең әсем, ең қолайлы, қолдан жасалған жұмақ-саяжай Ержігіт Бозғұловтыкі болып шықты.
Аспанға қол созған ағаштар, тіл үйіретін, экологиялық таза жеміс-жидектің бірнеше түрі, көздің жауын алатын гүлдер, ағын су, таза ауа, тамаша қазақтың қараша үйі, адамға дем алу үшін осыдан басқа не керек?!
Япырмай, адамның аялы алақанымен, ең¬бекпен, термен біздің жерімізді де осындай адам жанының рахатына, пейішіне айналдыруға болады екен ғой деген ой түйдік. Ерекеңе өті¬ніш айттық, ол кісі ойланбастан келісім бе¬ріп, бар жағдайды жасап, қонағымызды бірге күтісті.
Нәтижесінде қонағымыз қызметімізге, құр¬метімізге дән риза болып, көңілденіп ауданға үш қабатты байланыс үйін беріп кетті. Көп ұзамай мен Шиелі аупарткомына бірінші хатшы болып сайландым.
Көрген жерде ауыл бар деп, министрге тағы да барып, Шиеліге де үш қабатты байланыс үйін салдырдық.
Адам тағдыры деген қызық қой, «Ат баспаймын деген жерін үш рет басады, адам көрмеймін деген жерін бір рет көреді» дегендей, кейін небәрі төрт-ақ ай облыстық атқару комитетінің төрағасы болып істеген С.Байжановтың орнына мен Талдықорғанға төраға болып сайландым, ол СОКП Орталық комитетіне жауапты қызметке ауысты, көп ұзамай Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Орталық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
Сол Ерекеңнің қара шаңырағынан, ақ дастарханынан бастау алған марқұм Сәкеңмен таныстығымыз, сыйластыққа, сыйластығымыз әріптестікке, достыққа айналып кетті. Міне, жақсы адамдардың жақсылығы осындай жарасымды жалғасын тауып, өмірдің, өсіп-өркендеудің өрнегіне айнала бермек.
Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы президент сайлауы алдындағы саяси науқанын Астанада, бабалар дәстүріне сәйкес, қырықтың бірі қы¬дыр дегендей, республиканың аузы дуалы, сөзі пәтуалы қырық ақсақалынан бата алудан бастады. Қызылордадан біз Ерекең екеуміз осы рәсімге қатыстық. Осы оқиғаны Бозғұловтар әулеті үлкен сенім, абырой, мәртебе, әулетінің мерекесі деп қабылдады.
Қабылдауға Ерекеңнің шашын дайын¬дау¬дың өзі бір ерекше жауапты науқанға ай¬нал¬ды. Жарықтық Ерекеңнің әрбір шашы тау шыңында тасты жарып шыққан шынардай дербес, тәуелсіз, көкке қол созып өзінің бір¬тұтастығын, бірбеттілігін, бірсөзділігін, мақ¬сат¬керлігін, қажырын, қайратын, айбатын көр¬сетіп тұрғандай еді ғой.
Сол шашты ретке келтіріп, бағындырудың, бағыттаудың қызы Жанатқа, күйеу баласы Әбдіхалыққа, арнайы шаштараз-маманға бір күн, бір түн үлкен жауапты шаруа болғанының куәсі болдым. Айтайын дегенім, Ерекеңе деген осындай балаларының ерекше махаббаты мен ілтипаты, құрметі мен сыйы, қайырымдылығы мен қамқорлығының өзі қаншалықты рахат, бақыт, өнеге десеңізші?!
Тәңірім баршаңызға осындай бала берсін, ағайын!
Ерекең – өмірде жолы болған, еңбегі жан¬ған, желі оңынан тұрған, қадамы құтты, сапары сәтті болған, халықтан, уақыттан, тарихтан мемлекеттен өзінің лайықты бағасын алған, бақ қарап қыдыр дарыған бақытты азамат.
Ержігіт Бозғұлов көп жылдар облыстық партия комитетінің мүшесі, облыстық кеңестің депутаты, Қазақстан компартиясы ХІV съезінің делегаты болып сайланды. Ел алдындағы ерен еңбегі үшін «Октябрь революциясы», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және бірнеше медальдармен наградталды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің жеті рет ал¬тын, күміс, қола медалімен марапатталып, «Қа¬зақстанның еңбек сіңірген гидротехнигі» атағын алды. Есімі Одақтық Су шаруашылығы және мелиорация министрлігінің «Құрмет кітабына» жазылды.
Ержігіт Бозғұловтың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі ескеріліп, 2008 жылы еліміздің тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілді.
Ерекең өмірінің соңғы күніне дейін аяқ жетер, ауыз жетер ағайынның қажет кезінде, сын сағатында қасынан табылып, шуағын молайтып, көлеңкесін кеңейтіп, қуанышына да, қайғысына да ортақтасып, сүрінгеніне –сүйеу, жығылғанына – тіреу, шаршағанына – демеу, қамыққанына – қамқоршы, жылағанына – жұбаныш, қуанғанына қолдаушы болып, бүкіл әулетке аға да, жаға да, пана да, саға да бола білді.
Ерекеңнің өмірдегі қол жеткізген барлық табысының, жеңісінің, бақытының бастауы – сөз жоқ, 53 жыл отасқан жары Назира, балалары Марат, Айбек, Зина, Ләйлә, Ләззат, Жанат, 11 немересі, 5 шөбересі. Сондай-ақ, Ерекеңнің ойындағысын орындаған, бір сөзін екі етпеген, болмағанын болдырған, толмағанын толдырған, жетпегенін жеткізген, үзілгенін жалғаған ең сенімді, сүйікті інілері: Жарылқасын Шәріпов, Қуаныш Жәрімбетов, Бағдат Кәрібозұлы, Дәулет Жолманов сияқты елге белгілі азаматтар.
Бұл дүниеге келген әрбір адам үшін, әсіресе атқа мінген азамат үшін өмір деген қыл көпірдей өткел, күрес, жарыс, сын-сынақ қой. Тәңір, тағдыр, уақыт, тарих, азаматтың басына бақ беріп, астына тақ беріп, қолына ұстараның жүзіндей өткір билік беріп, есепсіз байлық беріп, сынайды.
Ержігіт Бозғұлов – уақыттың, тарихтың, халықтың осы әділ таразысына түсіп, өмірдің бар сынынан сүрінбей өткен, иманы мен ұятының туын жықпаған, ары мен намысына дақ түсірмеген нағыз азамат.
Бақыт құсы ұшып жүріп, кейде базбі¬реулердің аяғына қонады. Бірақ ол адам әдет¬тегі жүрісінен жаңылып, «тауық қаз сияқты жүремін деп, бұты айырылыпты» дегендей талтаң-талтаң, алшаң-алшаң басып, тіптен жүре алмай қалады, тұра алмай қалады.
Сосын бақ барып адамның көкірегіне қонады, бақ дарыған көкірек ісініп-қабынып, асып-тасып, көкірегіне нан пісіп, менен бас¬қа ешкім жоқ деп көкірек қағатын, ретсіз кекіретін, зекіретін болыпты.
Одан безген бақ енді адамның басына барып қонады. Бас та бақтың қадірін біл¬мейді. Құлағы қалқиып, тісі ақсиып, көзі шақ¬шиып, бақтан басы айналып, көзін ет ба¬сып, ешкімді де, ештеңені де, тіптен өзін де көрмейтін болыпты. Тілі сүйреңдеп, көрінгенді балағаттайтын, жә¬бірлейтін әдет шығарыпты. Содан «бақ сен де ойлаған жерімнен шықпадың» деп өкпелеп, бастан да ұшып кетіпті дегенде бар.
Ал, Ерекеңнің аяғына қонған бақ ыза, лас жерді бастырмады, астырмады, тастырмады, састырмады, қолына қонған бақ, арам нәрсе ұстатпады, дүниеге қызықпады, көз салмады, адал несібе теріп жегізді, кеудесіне қонған бақ, кеудесін игіліктің, ізгіліктің, жақсылықтың, имандылықтың, шүкіршіліктің алтын сандығы¬на айналдырды.
Бақтан, тақтан биліктен басы айналмады, 40 жыл қырғын болса да, аспан айналып жерге түссе де, тау қозғалса да, жер қозғалса да қозғалмайтын, өзгермейтін, өзінің қор¬ға¬сыннан құйылғандай қалпын, адамдығын, аза¬маттығын, тұрақтылығын, салауаттылығын, қара¬пайымдылығын, қанағатшылдығын, бар қадір-қасиетін, болмысын сақтап қалды.
Періштең болмаса, пендең осындай-ақ болсын, ағайын.
Сейілбек ШАУХАМАНОВ.