« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Көктемнің алғашқы шуағына шомылған табиғат жаратылысы театрландырылған қойылым арқылы суреттелді. Ай мен Күні теңескен, шөбі мен көгі тең өскен көрініс көрсетілді. Бақ пен бірліктің бастауы, тіршіліктің арқауына айналған Қыдыр атамыздың ақ батасы берілді. Мұнан соң әсем ән мен биден шашу шашылды. Оқушылар мен мұғалімдердің басын қосқан шығармашылық ұжым түрлі музыкалық аспаптар арқылы Нұрғиса Тілендиевтің«Ата толғауы», «Әлқисса» атты шығармаларын сомдады.
– Наурыз – өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрайтын жыл басы, – деді құттықтау сөзінде мектеп директоры Гүлмира Мункеева. – Қадам басқалы отырған жылды көптеген жағымды жаңалықтармен қарсы алғалы отырмыз. Атап айтсақ, 12-сынып оқушысыЛәтіш Әбілпәсім академик Ө.Жолдасбеков атындағы математика мен механика бойынша халықаралық байқаудан І орынды жеңіп алды. Тағы бір бітіруші түлегіміз Данияр Жүрсін жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ орын алып, қола медаль иегері атанды. Сондай-ақ, тағы бір оқушымыз Владимир Коряк робототехника бойынша өткен халықаралық додада өзінің ғылыми жобасымен көзге түсіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш және еңбектеріңіздің жемісі деп білемін. Жаңа жылдың жаңа белестері сіздерге қуаныш сыйлап, үлкен жетістіктерге жеткізсін, – деді ол.
Мектепте Наурыз мерекесін белгілі тақырыпта атап өту дәстүрге айналған. Биылғы шара «Ұлы дала тарихы сыр шертеді» тақырыбында өтіп, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орайластырылды. Оқушылар қонақтарға арнап, Ежелгі Қазақстан, Оғыз мемлекеті, Қазақ хандығы, Кеңес одағы және Жаңа Қазақстан дәуірлерін қамтитын тарихикезеңдерге саяхат жасап, болашақ Қазақстан туралы өз ойларымен бөлісті. Шара барысында бата беруден жарыс ұйымдастырылды. Шешеңдік-поэтикалық өнерімен сайысқан 17 оқушының барлығы да алғыс-тілегі мол баталарымен ерекшеленді. Қайырымдылық жәрмеңкесінде оқушылар өздері дайындаған қолөнер бұйымдары мен кондитерлік өнімдерін саудалады. Түскен қаражат мектептің қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждығына жұмсалмақ.
АҚШ-тан келген математика пәнінің мұғалімі Дэйв Брент-Харис үшін Наурыз сүйікті мерекелердің біріне айналыпты. Бұл күні шетелдік азамат міндетті түрде қазақи ою-өрнектермен көмкерілген ұлттық шапанын киіп, әріптестері мен достарын мерекемен құттықтады. «Наурыз мерекесі өзіндік салт-дәстүрлерімен қызықты», – дейді ол.
Шара соңында түрлі ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты.
Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |