« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардагер Қаһарман Табынбаевты қабылдады. Оған лайықты сый-құрмет көрсетіп, ілтипат білдірді.
Қаһарман Тоғызбайұлы өзінің еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласының қарапайым қызметкері ретінде бастаған. Ұзақ жыл мемлекеттік, партиялық басқару жүйесінде жауапты басшылық қызметтер атқарған. Ал 1993 жылы зейнетке шыққан ардагер "Республикадағы ерекше еңбек сіңірген дербес зейнеткер” атағына ие болды. Одан өзге, ел мүддесі жолындағы еселі еңбектері үшін "Еңбек Қызыл ту”, "Халықтар достығы”, "Құрмет” белгісі ордендерімен, Тәуелсіз Қазақстанның "Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған. Аймақ басшысы ел игілігі үшін жасалған бұл жұмыстар елеусіз қалмайтындығын айтты. Сондай-ақ, мерейтой иесіне ыстық лебізін жеткізді.
– Сіз Сыр өңірінің игілігіне арналған түрлі жұмыстың ыстық-суығына көніп, талай істің жанашыр бастамашысы болдыңыз. Біршама жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, облысымыздың өркендеп, дамуына үлес қостыңыз. Қазірдің өзінде, дербес зейнеткер ретінде облыстық ардагерлер кеңесі пленумының алқа мүшесі ретінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, аймақтың рухани-әлеуметтік дамуына өзіндік үлесіңізді қосып келесіз. Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыңызға баянды бақыт, әулетіңізге амандық тілейміз, – деді, Қырымбек Көшербаев. Сондай-ақ, Қаһарман Тоғызбайұлына Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін облыстың "Құрмет” грамотасын тапсырып, иығына шапан жапты.
Өзіне көрсетілген сый-құрметке ерекше ризашылығын білдірген ақсақал, ақ батасын берді.
Мөлдір ҚОЖАХМЕТОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |