« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыстық мәслихаттың мәжіліс залында мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы, профессор, академик Досманбетов Бақберген Сәрсенұлының 70 жылдығына арналған салтанатты шара болып өтті. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Б.Досманбетовтің дүниеге келген және балалық шағы өткен жері – түркі әлеміне әйгілі Қорқыт абыздың бақилық мекені Қармақшы ауданының Диірментөбе ауылы. Ол еңбек жолын теміржолда жұмысшы болып бастайды. Мәскеу инженерлік-экономикалық институтына оқуға түседі. Оны бітіргеннен кейін Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында комсомол комитетінің хатшысы, оқытушысы қызметін атқарады. Әр жылдары кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор болған ол 1991 жылы баламалы сайлауда Қызылорда пединститутының ректоры болып сайланады. 1994 жылы Ресей мемлекеті астанасында Статистика және ақпарат университетінде диссертация қорғап, экономика ғылымдарының докторы атанады.
1996 жылы Б.Досманбетов Қызылорда қаласының әкімі және Қызылорда арнайы экономикалық аймағының төрағасы болып тағайындалады.
Мерейтой иесін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, оның Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универститетінің материалдық-техникалық базасының нығаюына қосқан үлесін атап өтті. Ректор әсіресе студенттер мен оқытушылар үшін қолайлы жағдай жасады.
Мерейтой иесі ректор болу бір басқа, қала басшысы болу бір басқа екенін айтып, қала көркін жақсартып, тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында идеяларын асыруға мүмкіндік туғанын жеткізді. Ол үлкен өмір мектебі болды.
Облыс басшысы мерейтой иесінің 1999-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының екінші, үшінші және төртінші шақырылымының депутаты болып сайланып, экономика, қаржы және бюджет комитетінің хатшысы қызметін атқарған кезеңіне айрықша тоқталды. Парламент қабырғасында 12 жыл заң жобаларын дайындауда бірнеше жұмыс орындарының жетекшісі болды. Аймақ басшысы сенатордың сайлаушылар аманатын естен шығармай, елдің Премьер-министрі мен Үкімет мүшелеріне депутаттық сауалдарын үнемі жолдап отырғанын айтып өтті. Байқоңырдың ахуалы туралы сан мәрте мәселе көтерді.
Қырымбек Елеуұлы Б.Досманбетовке «ҚР Конституциясының 20 жылдығы» медалін табыс етіп, оның жұбайы Зейнекүл Рамазанқызына қамзол кигізіп, гүл шоқтарын ұсынды. Мерейтой иесі көрсетілген құрмет үшін аймақ басшысына алғыс айтып, «Болашақ» университетінің басшысы ретінде туған өлкесінің дамуы үшін жұмыстар атқара беретінін жеткізді.
Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |