ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС!

ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС!Өткен жылдың басында облыс әкімінің өкімімен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі өңірлік ұйымдастыру комитеті құрылған еді. Мерекені ұйымдастыру комитетінің ұйытқы болуымен осы жылы аймағымызда игі шаралар атқарылды. Оның бәрі көпшіліктің көз алдында. Облыстық ардагерлер кеңесінің ұсынысымен жарық көрген «Қызылордалық қаһармандар» атты кітапты соның бір жарқын көрінісі ретінде қабылдадық.

Аталған жинақта сұрапыл соғыс­тан аман-есен оралып, бүгін­де тоқсанның төріне шыққан қарт майдангерлеріміздің кешегі со­ғыстағы ерліктері мен өмір жолы қамтылған. Белгілі қоғам қай­рат­кері С.Шаухамановтың бас­­­қаруындағы аймақтық арда­гер­­лер кеңесінің бастамасы облыс әкімдігінің қолдауымен жү­зе­ге асқанын айта кетейік. Ер­лік шежіресі іспетті кітапта Сыр өңірінен шыққан 22 батырдың өмір­баяны және Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңістің 70 жылдық мере­кесіне аман-есен жеткен об­лыстағы барлық соғысқа қаты­сушы майдангер турасындағы ақ­парат құралдары өкілдерінің жыл бойы баспасөз бетінде жарияланған ма­қа­лалары топтастырылыпты. Бұған қоса, жауынгерлердің ұрыс алаңынан жазған өлең хаттары мен әр жылдары түсірілген сурет­тер қоса берілген. Кітап соғыс ардагерлеріне сыйға тартылатын болады.

Осы кітаптың алғысөзінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев: «Жеңіс туын желбіреткен арда­герлеріміздің ерліктері мен бейбіт күнгі еңбектегі өнегелі істері жас ұрпақ тәрбиесіне, халқымыздың ынтымағына қызмет ете беретініне кәміл сенемін», – депті. Ел басына күн туған сын сағатта Отанын дұшпанның шабуылынан қорғап, кеудесін халқының жарқын болашағы үшін оққа тосқан майдангерлеріміз ұлықтауға да, құрметтеуге лайықты. Отан соғы­сы кезінде қаза тапқан, майдан­нан аман-сау елге оралып, ха­лық шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қа­лың жұртына адал қызмет еткен ардагерлерімізді қадірлеу арқылы біздер қазақ халқының мәртебесін көтереміз, ерлік жасаған ер-аза­маттар арқылы жас ұрпақ санасына елін, жерін ардақтауды, сыйлауды үйретеміз.

Сөз соңында Сыр өңірінен шыққан Ұлы Отан соғысы арда­герлері туралы жарық көрген ме­рей­тойлық жинаққа ҚР Баспа және полиграфия ісінің қайраткері, бел­гілі қаламгер Қуаныш Маханбетов редакторлық еткенін айта кетпекпіз.

Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.

ТАҒЫЛЫМ 27 маусым 2015 г. 1 189 0