ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Раима Нарым­бетова­ның политех­ни­ка­­лық кол­леджде химиялық тех­нология жә­­не өндіріс ма­мандығы бой­ынша ар­нау­лы пәндер оқы­ту­­шысы болып жұмыс іс­те­геніне де жиырма жыл­дан асыпты. Өз ісін жетік білетін маман әр­дай­ым ізденіс үстін­де жү­ре­ді. Жоғары са­натты ұс­таздың қол жеткізген же­­тістіктері де баршылық. Хи­мия-биология пәні мұғалімдерінің рес­­пуб­ликалық І съезінің деле­гаты, об­лыс әкімінің "Үздік мұға­лім-2010” номи­нациясының иеге­рі. Ол сонымен қатар "Білім. Ғы­лым. Инновация: Өзекті мәселе­лермен даму жолдары” ІІІ респуб­ликалық ғылыми-тә­жірибелік конфе­ренция­сына белсене қа­ты­сып, ғылы­ми баяндама жасағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Раима Әмитқызының бос уақыты жоқ десе болғандай. Бірде ғылыми-тәжірибелік конференцияның баян­­дамасын әзірлесе, енді бірде ашық сабаққа дайында­лып жүреді. Тағы бірде оқушыларын ғы­лыми жоба жарыстарына дайындап жа­тады. Соның бәріне де уақыт та­ба­тынына таңғаласың. Оның жетек­шілік еткен ғылыми жобалары үнемі жоғары көрсеткіштерге жетіп, жүлделі орындарды иеленіп ке­леді. Мәселен, шәкірттері Аягөз Артық­баева мен Ұлбибі Жанетова, Қымбат Байболанова, Римма Сілтеуова мен Май­ра Қуанышбекова өздері қа­тысқан жарыс­тардан жүлделі ора­лып, ұстаздарының мерейін бір өсірді.

– Ұстаздың еңбегі шә­кірттеріне бе­ріл­­ген біліммен өлше­неді, – дейді Раи­ма На­рым­бетова әң­гіме арасында. – "Хи­миялық талдау ла­боранты” де­ген ма­ман­­дық алып шы­ға­тын жастарды өз ісі­нің шебері атандыру көп еңбекті, білімді қа­­жет етеді. Берілген білімді тә­жі­рибемен ұштастыра жүргізу ма­мандықты тез мең­геруге әсер етеді. Сондықтан да шә­кірттерімнің ғылыми жұмыстармен айна­лысуына мүмкіндік жасаймын.

Ұзақ жылғы ұстаздық жол, адал еңбек өз нәтижесін берді. Биылғы ұстаздар ме­рекесі қарсаңында Қы­зылорда политех­никалық коллед­жінің арнаулы пән мұғалімі Раима Нарымбетова ҚР Білім және ғылым министрі қолынан "2014 жылдың үздік педагогы” төсбелгісін тағып, 2 миллионға жуық қаржы иеленіп қайтты. Бұл – колледж ұстаздар қауымының ортақ қуанышы.

Үздіксіз ізденіс үстінде жүре­тін ұстаз "Бейорганикалық қосылыс­тардың сапалық талдауы” оқу құ­ралы авторларының бі­рі. Оқулық техникалық және кәсіптік бі­лім­ді дамыту республикалық білік­тілік бе­ру ғылыми-әдістемелік орталы­ғының ұй­ым­­дастыруымен шыққан. Демек, Раима апай­дың алар асулары әлі де жетерлік деуге толық негіз бар.

Жарқынай ЕРАЛИНА.

Қызылорда политехникалық колледжі.
ТАҒЫЛЫМ 06 қаңтар 2015 г. 1 623 0