Әжемнің әңгімесі

Күн нұры – жан азығың. Жер құнары – жиылмас дастарханын жайған тән азығың. Бұл үшін күн де, жер де ешкімнен ақы талап етпейді. Мен де әжелерді мейірімі шексіз, тілегі дуалы, тәрбиесі өнегелі жандар деп түсінемін. Немере бақыты үшін жасаған жанқиярлық еңбегін күнделікті қайталаудан жалықпаймын. 

Қарлығаштың қос қана­тын­дай қос әже – бұлар біздің Иба­гүл мен Бибігүл әжелеріміз. Қарлы­ғаш құсы­на тән қасиет – ол мейі­рім­ділік. Әкеміздің анасы Иба­гүл немере түгіл туған келін сәлемін бір көрместен дүниеден озса, Бибігүл кей­уана қос әженің мейірім-шапағатын төккенін ұр­пақ­тары армансыз көрдік. Өстік. Өндік. Жетілдік.

Тұтас бір ғасыр өмір кешкен Бибігүл әже шөп­шегіне дейін кө­ріп, 1998 жылы мәңгілік өмірі­не са­пар шекті. Жеңістің 50 жыл­­дығы мерекеленгенде  Ел­басы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаевтың атына хат жазды. Хат мәтінінен қа­зақ ұлты бастан кешкен қи­ын­дықтармен әже тағ­дыры бі­те қайнап жатқанын бай­­­қай­сыз. Хат «Нұрсұлтан балам» деп басталады. Онда «Өз ойымды қағазға түсірдім. Пер­зентімнің бірі ғой деп саған хат жолдадым. Бүкіл қазақ елі тойлап жатқан Ұлы Жеңістің 50 жылдығы бұған себепші болды. Аудан әкімінің құттықтау хатын­дағы: 

 «Сіз өмір­лік серігіңіз, жан-жарыңыз Кен­жесары Бекжігітұлын Отан қор­ғауға аттандырып, оның қан май­дандағы жеңісін жеделдету мақсатында бекем бел бай­лап, ауыр еңбекке кірісіп кет­ті­ңіз. Бірақ ол соғыстан орал­мады. Ерлікпен күресіп, қан майданда мәңгілікке көз жұмды. Содан бері 50 жыл өтті. Бұл жылдар сіз үшін ерекше ауыр да, айрықша жауапты да, сіздің даналығыңызды, ерен ерлі­гіңізді, шын сүйген жарға берілгеніңізді паш ететін, жеке бас мүддесін аналық парызды өтеуге бағындыра білген ерлік жылдары бол­ды» деген лебізі мені қа­наттандырды. Сал­та­натты жи­налыста: «Қазіргі таң­да ауданда 29 жесір ер аза­матын өлді деуге қимай, күйеуінің ша­ңырағын жо­ғары ұстап, үкілі үміттен қол үзбеуі осының бір ай­ғағы десек, екіншіден, хал­қымыздың Баян сұлуы, Қыз Жібектерінің лайықты із­ба­сар­лары, махаббаттың хас ба­тырлары деп осы әже­лерді айтсақ еш жаңы­лыс­паспыз» де­ген аудан әкімі баяндамасы жан-дү­ниемді толқытты.

Мен жасым 95-ке келген, сауа­ты жоқ қарапайым қа­зақ әйелдері­нің бірімін. 1929-1930 жылдардағы ел басына түскен қиындық, ал­­ғашқы көрген пер­­зент­терімнің өмірін ұзақ қыл­мады. 1932 жылғы ашар­шы­лықта 2 ұлымнан көз жа­зып, тағдыр күйеуім екеу­мізге бір қызбен ғана қалуды жазды. 1937 жылғы сталиндік зұлмат күйеуімді «халық жауы» деген атпен 

ұстап, кейіннен ақта­лып шықты. 1943 жылы отағасы Кен­жесары Отан қорғауға ат­танып, Сталинград майда­нында ұрысқа түсіп опат болды.

Ұлы Отан соғысы жеңі­сінен кейін қызым май­даннан орал­ған соғыс мүге­дегіне тұрмысқа шықты. Күйеу балам деп айтуға қимай, жоғалған ұлым ті­рілгендей қуанған менің ба­­қытым шектеулі болып шықты. Со­ғыс қиын­шы­лы­ғынан ба, денсаулығы тө­мен сол балам шамалы отасқаннан кейін 8 жыл бойы мүлдем төсек тартып жатып қалды. Ақыры 1956 жылы соғыс зардабынан тапқан құрт ауруынан 32 жасында қай­тыс болды. Ал­ды 5 жасар, со­ңы 2  жасар 3 баламен қар­ғыс атқыр соғыс ылаңынан 2 жесір, 3 жетім бір отанда қала бердік.

Елдің, халықтың бір­лі­гі ар­қа­сында, еңбек ету нә­ти­же­сінде бі­реу­ден іл­ге­рі 

біреуден кейін өмір сүр­дік. Тіпті соғыс тол­қы­нынан босқын болған ба­уырлас шешендерге де ауы­­зы­мыздан жы­рып нан, тұра­ғы­мыздың бір ше­тінен орын бердік. Заман жақсара бастады. Немерелерім өсіп аза­мат бол­ды. Отан алдын­дағы әскери бо­рышын өтеді. Білім алды. Әр­қайсысы жоғары білімді маман иелері болып еңбек етуде. 3 келін түсірдік. 10 шөбере дүниеге келді. Үш немере үш жерге отау құрды.

Мен жасым 93-ке кел­генше немерелерім мен ке­ліндерім қол­­дарына бірге тұруға шақыр­са да, 64-ке толған қы­зыммен бірге кү­йеуімнің құрған ша­ңы­рағында тұра беруді жөн санадым. Мен үшін Отан қор­ғауда шейіт бол­ған ер аза­маттың шаңырағын тастап кету ақыретке саналды. Де­­генмен, жасымыздың ұл­ғаюы, күш-қуаттың кемуі аудан орталы­ғындағы үлкен немеремнің қолы­на келуге мәжбүр етті. Қазір қа­ла­ның кемпірі атандым. Екі шөп­шегіммен бірге ойнап жүрген жайым бар.

Қызымыз екеуміздің со­ғыс қай­ғы­сына қарсы қой­ған әреке­тіміз үшінші не­ме­ремді Кенжеса­рыұлы деп, ең үлкен шөберем Нұр­­­­сұлтанды Тұр­сын тегі деп (Күйеу баламның аты Тұр­­сын) атау осы екі азама­тым­­ның мәңгілік ескерткіші болып қалды.

Осы оқиғалар желісінен кейін Ұлы Жеңістің 50 жыл­ды­ғы мере­кесінде менің жү­рек түк­піріндегі сырымды дөп басқан аудан әкі­мінің жоға­ры­дағы сөздері бейжай қал­дыр­мады. Толғандырды. Менің ғұмырым ұзақ бол­ға­нымен, қиын­дығы бір адамға жетерлік еді. Елдің ынтымағы, ұлттар бірлігі арқасында қиындық артта қалды. Зама­нымыз өзгеріп, жан қиналса, ел біріксін, ха­лық тату болсын, еңбек етейік. Менің көрген қасі­ретім мен қиын­шылы­ғым­ның бірде біреуін ел көр­месін деп тілек айтамын» деп жазылған.

Әрине, хатты әже жазған жоқ. Айтты. Айтып жатса да, жүрек түкпірінен мәңгілікке орын алған сүйікті жарына де­ген сағынышын, жүрек қай­ғысын өзгеге жүктемеді. Масыл болмайық, еңбек ете­йікті баса айтты. Екі сөзі­нің бірі сый­ласайық, тату болайық, ұрпақ жа­манды­ғын көрмейік болды. Шын мә­нінде, тіршіліктің тірегі бейбітшілік емес пе?!


Ысқақ ТҰРАР.

Қостанай қаласы.

ТАҒЫЛЫМ 09 мамыр 2020 г. 432 0