Қарттарын құрметтеген ел ардақты

Бүгінде 96 жасқа келген әкеміз үнемі елдің тыныштығы мен бейбітшілігін, халықтың ауызбірлігін тілеп отырады. 
Жеңістің әр жылында шүкіршілігін ай­тудан танған емес. Өйткені, елі, ұр­пақтары қадірлеп, құрметін көрсет­кенде өзінің сол жылдардағы қиындығын бір сәтке ұмытып, марқайып қалады. Биыл да Жеңістің 75 жылдығында ел ағалары құттықтап жатыр. Бір жолғы материалдық көмек ретінде 1 млн тең­ге берсе, «Nur Otan» партиясының  «Bir­gemiz» қоры 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те өз құттықтауын жолдады. Сондай-ақ, қаржылай қолдаудан бөлек Жеңісті жақындатуға қосқан еселі еңбегі үшін Жеңістің 75 жылдығына арналған медаль табысталды. Барлығы үшін Президент Қасым-Жомарт

Тоқаевқа, облыс әкімдігі мен ел ағаларына айтар алғысымыз шексіз. Қарттарын құрметтеген ел қа­шан да ардақты. Ортамызда жүрген қа­рия­ларымыз аман, бейбітшілігіміз баян­ды болсын.


Гүлмира ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Қызылорда қаласы.

ТАҒЫЛЫМ 09 мамыр 2020 г. 519 0