« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақтың қасиетті, қадірлі болған «келін» мәртебесін абыроймен алып жүру қай әйел затына болмасын оңай шаруа емес.
Атамыз соғыс көрді, кейіннен коммунистік жүйенің қазанында қайнады, ұлағатты ұстаз болды, бұның бәрі бізге де оңай болмады. Ол кісінің көңілінен шығуға тырыстық, дәрежесіне жетуге ұмтылдық. Сол бір жоғарылықтың арқасында біраз шындалдық. Атадан алған тәліміміз кейіннен қызметте де абыройлы болуға көмектесті. Өмірлік сабақ болды. Батасын алдық, сол пәруана пейілден шын көңілмен айтқан тілектері тағдырымызға әсер етті деп білемін. «Батаменен ер көгерер» деген қазақ халқының ұрпағымыз.
Қайын атам Әлімбетов Сырантай Құтманбетұлы 1923 жылы Сырдария ауданы І май ұжымшарында дүниеге келген. Батырдың ерлікке толы жауынгерлік жолы 1942 жылы ақпан айынан басталған. Алдымен Ашхабад қаласындағы жаяу әскерлер училищесінде алты ай дайындықтан өтіп, кейін майдан даласына аттанған. Дайындық нәтижесінде пулемет взводының командиру атағын алып шығып, Сталинград жерінде 51-ші Армияның 91-ші дивизиясының 561-ші полкындағы 1 батальонының 1-ші пулемет взводының командирі болған. Өзінің басқару қасиетімен, батырлығымен, аса құпия міндеттемелерді орындағаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Қырым түбегін жау қолынан азат ету жолындағы ерлігі үшін жауынгерлік «Қызыл Ту» орденімен наградталған. Жұбайы Ұмытхан Әлімбетовамен отандасып, екі қыз, төрт ұл өсірген асыл әке. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін, Коммунистік компартия қатарына еніп, ел саясатын ілгерлетуге өз үлесін қосқан, оқу-ағарту саласында да біраз еңбек етіп, университет ректоры қызметіне дейін абыройлы еңбек еткен.
Мен бұл әулетке 1986 жылы тамыз айында келін болып түсіп, атамызға он жыл келіндік қызмет қылдық (1996 жылы бақилық болды). Сол уақытта атамыздың әрбір сөзін үлкен зейінмен тындайтын едік. Атамыз әркез өзінің майдандас қандыкөйлек бауыр-жолдастары жайлы еске алып отыратын.
алған бетінен қайтпайтын жан еді, жаны жаннатта болсын өте жақсы кісі болатын. Әкемдей болды. Көке дейтін едік, әкемдей жақсы көріп, арқа сүйейтін едік.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, батырдың ұлы Әлімбетов Әліби Сырантайұлы әке ерлігін жалғап, отан қорғау ісінде Облыстық төтенше жағдайлары департаментінде абыройлы қызмет атқарып,
1998 жылы дүниеден озды. Әлібидің артыда қалған Әлімжан және Нұрсұлтан есімді ұлдары азамат болып, бір-бір қызметте жүр. Жуырда Әлімжан Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің полиция капитаны қызмтетін атқара жүріп, 29 сәуір күні ҚР ішкі істер министрінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Басқа да немерелері азамат болып түрлі салада жемісті еңбек етуде. Ұрпақттар сабақтастығы деген осы шығар.
Аталарымыздың қиыншылыққа толы ғұмыры өскелен ұрпаққа өнеге. Тәлімі мол тағдыр иесі ешқашан мен жасадым деп айтып көрген емес, оның азаматтығы мен батырлығын қасындағы көзкөрген замандастыры мен жақындары әлі күнге дейін сөз етеді. мен де қайы атам туралы баспасөз беттерінде жарияланған деректерді көзімнің қарашығындай сақтап отырмын.
9 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толып отыр. «Ер есімі ел есінде» деген қазақ халқы өз батыр ұлдарын ешқашан ұмыт қалдырмақ емес.
Орынша МІРЖАҚЫПҚЫЗЫ,
келіні,
Қызылорда қаласы
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |