« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Төрткүл дүниені шарпыған індеттің кімнің болмасын, көңіліне үрей тудырғаны шындық. Осы орайда еліміздің рухын көтеру мақсатында мәдениет саласының қызметкерлері де аянып жатқан жоқ.
Қазақ халқы – басынан небір зұлматты өткізсе де, еңсесі түспеген, татулықты ту еткен текті ел. Тарих парақтарынан сыр шертсек, ел басына күн туған алмағайып заманда жырауларымыз, ақындарымыз елге рухани азық сыйлап, халықты жігерлендіруге өз ықпалдарын тигізгендігі белгілі.
Қазіргі болып жатқан ахуалға байланысты әлеуметтік желінің мол мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Сырдан шыққан өнер қайраткерлері – Кеңес Дүйсекеев, Рамазан Тайманов секілді өнер тарландары елді сабырға шақырса, облыстық филармонияның жыршы-жыраулары – А.Ноғайбаева, М.Сәрсенбаева, Ш.Бимбетова, Р.Ахметов, Б.Төлеубаев, М.Сүгірбаев рухты жырларымен ел еңсесін көтеруде. Сонымен бірге, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің өнерпаздары жеке-дара өнер көрсетумен қатар әлеуметтік желіде әрқайсысы өз үйлерінде отырып, бір мезгілде бір шығарманы орындап халық ықыласына бөленуде.
Облысымыздағы өнер қара шаңырағы Н.Бекежанов атындығы қазақ академиялық музыкалық драма театры «Онлайн-спектакль», «Өнер әлемі» (театр майталмандарымен сұхбат), поэзия сағаты (артистердің өлең оқуы) атты айдарлар ашылып, шығармашылық ұжым күнделікті жұмыс атқарып отыр.
Облыс музейлері халыққа ел тарихын таныту мақсатында онлайн экскурсиялар, лекциялар өткізуде.
Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жанынан құрылған «Алдаспан» әдеби клубының «Сырлы сезім» айдары көрерменге жол тартты. Мұнда өңірімізге белгілі жазба ақындар жырларын оқып, халық көңілін серпілтуге өз септігін тигізе бастады.
«Алдаспан» әдеби клубының поэзия сағатын ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, белгілі ақын Дүйсенбек Аяшұлы бастаса, аймағымызға белгілі жырау Қасарбек Кәрібаев пен Берік Саймағанбетов жыр көшін жолға салды.
Өткен жылы «Жыр мұра» жобасы аясында облысымыздың барлық аудандарынан 14 қобыз және 4 ауданнан жыр-терме үйірмелері ашылып, олардың жұмысы облыстық телеарна арқылы насихатталған болатын. Қазіргі уақытта осы үйірмелердің жетекшілері де әлеуметтік желі арқылы өз өнерлерін ортаға салып, халықтың көңілін көншітерлік шығармаларын шашу етіп келеді.
Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы оқырмандарға қашықтан 24/7 режимде онлайн жұмыс жасауда. Оқырмандар кітапхана сайты арқылы кітап мерзімін «онлайн-ұзарту» және «кітапханашыға сұрақ» виртуалды анықтама қызметін пайдалана алады. Әлеуметтік желілер арқылы кітаптарды онлайн оқу, балаларға арналған ертегілерді онлайн-дауыстап оқу, бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабақтары, кітапханаға онлайн-экскурсия жасау, виртуалды көрмелер және виртуалды режимдегі басқа да іс-шаралар ұйымдастырылуда. «YouTube» каналында кітапхананың «Talking Book» жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, өнер мекемелерінің мұрағатындағы құнды дүниелер, спектакльдер, концерттерде күнделікті әлеуметтік желілірге жүктелуде.
Сіздердің рухани кемелдіктеріңіздің деңгейін түсірмеу мақсатында осындай игі шаралар ұйымдастырыла береді, құрметті жерлестер!
Аталған рухани дүниелерді облыстық мәдениет ұйымдарының «Facebook», «Instagram», «YouTube» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан тыңдай аласыздар.
Мира ӘБУОВА,
облыстық мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасының басшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |