« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Туған жер» жобасын қаржыландыру жөнінен Қызылорда облысы алда тұр». Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев осылай деп мәлімдеді. Ол өз сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзінің өлшемдері бойынша нақты жобаларды іске асыруға бағытталған кешенді бағдарлама екенін атап өтті.
– Бағдарлама заманауи қазақстандық мәдениет, озық білім, ғылыми зерттеу, археология және басқа да түрлі бағыттардың дамуына едәуір серпіліс беруде. Қазіргі таңда 6 бағыт бойынша 13 арнайы жоба іске асырылуда. Жасыратыны жоқ бірқатар жоба нәтижелі жүргізілсе, кейбірі көздеген межеден шыға алмай отыр. «Туған жер» жобасы аясында меценаттардың арқасында демеушілік қаражат есебінен 2019 жылы 60 млрд теңгеге жуық қаражат тартылды. Оның ішінде 889 нысан жаңадан салынды. 631 нысан күрделі жөндеуден өтті. Атап өту керек, қаржыландырудың ең көп көлемі Маңғыстау, Алматы, Атырау, Қызылорда және Ақмола облыстарының үлесінде. Бұл көрсеткіштер Қазақстандағы бизнес өкілдердің әлеуметтік жауапкершілігін байқатады, – деді Қырымбек Елеуұлы.
Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша алдағы үш жылдағы іс-шараларды іске асыруға Үкімет республикалық бюджеттен 90 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Оның ішінде 2019 жылы 30 млрд теңге бөлініп, 711 жобадан тұратын 53 ауылдық елді мекенде 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.
Жиында 2019 жылы бағдарламаны іске асырудың нәтижелері мен алда атқарылатын жұмыстың жаңа басым бағыттары қаралды.
– Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылып жатқанына биыл үш жыл толады. Үш жылға жуық уақытта елеулі жұмыстар атқарылып, нақты жобалар жүзеге асырылды. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жақында жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы ойшылдың еңбектері арқылы таралған рухани бағыттары осы бағдарламамен табиғи сабақтастық тауып отырғанын қоғамдық пікір қолдап отыр, – деді Мемлекеттік хатшы.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |