« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өмір деген осы, уақыт шіркін ұшқанқұстай зымырап өтіп барады. Жетпіс жасқа жақындағанда көргендер мен көңілге түйгендерді безбенге саласың. Біреуден ілгері, біреуден кейін ғұмыр кешіп, талай азаматтармен сыйлас та сырлас болған сол бір күндерді сағынышпен еске аласың. Өнегелі өмір жолымен жүрген айтулы азаматтардың артында қалған өшпесіздері мен өлмес істерін ұрпақтарға ұлағат ету – бізге парыз. Осындай ардақ тұтар жанның бірі – Сражадин Балмағанбетов болатын. Сырекеңнің бұл өмірден өткеніне бір жыл жылжып өте шығыпты.
Сырекеңнің денсаулығының сыр бергені қаш-шан, бес жылдан астам уақыт бойы аурумен арпалысып, сырқатына бой бермеген. Тұла бойын тік ұстайтын. Жаны жайсаң, жүрегі жомарт, үлкенге ізетті, кішіге құрметті көшелі кісі болатын. Содан болар ақырын жүріп, анық басып, өмірден өтті.
Есімі Сыр өңірінетанымал аға жайлы не жазарымды ойлаумен болдым. «Сражадин ағаң өмірден өтті»деген суыт хабар жетісімен отбасына ат басын бұрғанмын. Бір таңғаларлығы,Сырекеңнің жұмыс бөлмесіндегі жазу столының үстінде жазбалар жатыр. Шұқшияқарап, көз сүзгісінен өткізейін. Сөйтсем, Сырекең өзінің жерлеу рәсімінеқатысуға тиіс ағайын-туыс, әріптестері мен дос-жаран, құда-жекжаттар есімін өзқолымен жазып, аманат етіп қалдырыпты. Айжарық аға Сәдібекұлы екеуміз Сырекең жазбаларына көз салып, қайран қалғанбыз. Жазуы қандай десеңізші, тайға таңбабасқандай. Бір әріп не үтір-нүктеден қылаудай қате жоқ. Шынында да Сырекеңағайын-туысына ғана емес, жалпақ жұртқа шуағын шашумен өмірден өтті. Оған 45 жыл бойы сыйлас та сырлас, тұз-дәмдес әрі құдандалы-жекжат болған мен куәмін.Айтайын.
1973 жылдың күз айы болатын. Еңбек жолымды кезіндегі Тереңөзек аудандық «Еңбек туы» газетінде бастағанмын. Үй-күй жоқ, ел жағалап жүргенбіз. Ол кезде компартияныңдүркіреп тұрған шағы. Аудандық партия комитетінің саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі Сражадин Балмағанбетовпен кездесудің сәтін салды. Жылы шырайменқарсы алған ол:
– Інім, мен Қазақ ССР50 жылдығы атындағы совхозға (қазіргі Н.Ілиясов ауылы) бастауыш партия ұйымының хатшысы қызметіне барғалы жатырмын. Есітуімше, үйің жоқ көрінеді. Біздің жатағанүйіміз бар, егер ұнатсаңдар сол үйге қоныстаныңдар, – деген-ді.
Сонымен Сырекеңніңүйіне қоныс аударып, шуақты шаңырақтың шапағатына кенелгеніміз бар. Раунаесімді тұңғыш қызымыз да осы бір киелі шаңырақта өмір есігін ашты. Жоғарыдаайтқандай, Сырағамен жарты ғасырға жуық уақыт бойы тонның ішкі бауындайаралас-құраласа ғұмыр кештік.
Сырағаңның өмірдерегіне сәл-пәл ғана шегініс жасалық. Ол 1937 жылдың ақпан айында айдынды Аралдың Ақбасты ауылында өмір есігін ашты. 1956 жылы Ауан орта мектебінен орта білім алып, 1956-1961 жылдары Қызылордадағы Н.Гоголь атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқиды. Еңбек жолын Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы) Абай атындағы орта мектепте ұстаз болудан бастады. 1963-1967 жылдары кенттегі №36 Жданов (қазіргі Ә.Тәжібаев) атындағы орта мектеп директорының орынбасары, аудандық кеңес атқару комитетінің ұйымдастыру-нұсқау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1971-1975 жылдары Тереңөзек аудандық партия комитетінің саяси-ағартукабинетінің меңгерушісі болған Сырағаң аудандық партия комитетінің біріншіхатшысы Қонысбек Қазантаевтың нұсқауымен Қазақ ССР 50 жылдығы (қазіргіН.Ілиясов ауылдық округі) атындағы совхоздың бастауыш партия ұйымыныңхатшысы қызметіне жіберілді. Осы қызметтегі соқпақты жолдарды төмендегішееске алушы еді.
– Аудан басшылығындағыҚонекең Қазантаевтың қатал да талапшыл болғанын білесіздер. ШаруашылықтыСоциалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисенов басқарды. Бұл екі кісімен тіл табысып,қалтқысыз қызмет ету оңайға соққан жоқ. Жүктелген міндеттің жауапкершілігі молболатын. Қызметімді ауыл арасында болған келеңсіз әрекеттерді,психологиялық ахуалды мұқият зерттеуден бастадым. Ауыл ажарын келтіру жәнемәдени-әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында да нақты шараларды жүзегеасырдық. Түптеп келгенде, ауылда бірқалыпты жұмыс атмосферасы қалыптасты.А.Бисенов басқарған жылдары ауылымыз аудан ғана емес, облыс аймағында көшбасында тұратын.
Сырағаң 1985 жылыұстаздық жолына қайта оралып, Тереңөзек кентіндегі №131 орта мектептіңдиректоры қызметіне тағайындалды. Ал, 1989 жылы кезінде тұралап тұрған №10кәсіптік-техникалық училищені қайта қалпына келтіру үшін директорлық қызметкекелді. Қиюы кеткен білім ордасын қалпына келтірумен күлкісіз күн, ұйқысыз түнөткізіп жүргенде құдай қосқан қосағы Алтынай жеңгеміз мезгілсіз өмірден озды.Жеңгеміз әрі құдағайымыздың ақ дастарханынан талай дәм татқанбыз. Ақжарқын,дастарханы мол болатын. Жұбайының өмірден ерте кетуі оның өзегіне өкініш салды.Шүкір, артында алты ұл мен қыз қалдырып, отбасының отанасы атанып өмірден өттіғой. Тағдырдың жазмышына қолдан келер шара жоқ. Жо... жоқ, бар екен.
Алла сәтін салып 1999жылы Сырағаң Жүзтайқызы Нағимамен бас қосып, шаңырақты қайта тіктеді. Алтынайдың орнын басқан Нағима да тегін емес, текті екен. Жиырма жыл бойы қосағымен қоса ағарып, парызын өтеді. Қолтығына демеу, жанына медеу болғаныныңбіз куәсіміз. Жарының сырқатына дәрі-дәрмек іздеумен сабылып жүретін. Соданболар Сырекең өмірден озарда «мен саған қарыздармын» деген ризашылығынбілдіріпті.
2000 жылы пайғамбар жасына келіп, құрметті зейнет демалысына шыққан ол қол қусырып қарап отырудықаламады. 2009 жылға дейін Алматы заң колледжінің Қызылорда филиалында жәнеҚызылорда гуманитарлық заң колледжінде студенттерге математика пәнінен білімберді.
Ел алдындағы еңбектеріде ескерусіз қалған емес. 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, ол «В.Лениннің туғанына 100 жыл», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» жәнетағы басқа мерекелік медальдардың иегері. Кезінде аудандық партиякомитетінің мүшесі, аудандық кеңестің бірнеше дүркін депутаты болып сайлануы,«Сырдария ауданының құрметті азаматы» атануы халық сенімінен туған құрметболса керек.
С.Балмағанбетов туралыжазбама нүкте қояр сәтте оның бітім-болмысы көз алдымда көлбеңдеумен тұрды. Бауыр еті балаларын жетілдіру, қатарынан кем қылмай тәрбие беру, ата-ана атынакір келтірмес азамат атандыру – басты ұстанған қағидасы болатын. Оның бейнесібізге ақ жолдан адаспауды, шындық үшін шырғалаңға түссең де жаза баспай жүрудімеңзеп тұрады. Ол кісінің киім киісі мен жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері өзгелерденозық болатын. Шындықты, адалдықты жақтайтын. Тағы бір ерекшелігі, бақастық, іштарлық, көреалмаушылық, даңғойлық пен мақтаншақтық, бекерге мал шашпақтықтан бойын аулақ ұстайтын. Бұл ағамыздың ақырын жүріп, анық басуды басты ұстаныметіп, соқпағы мол өмір жолымен сүрінбей жүруді мұрат тұтқанынан болар, сірә.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында із қалдырған» демекші, Сырағаңды өлді деуге әсте болмайды, өйткені ұяға қонған ұлдары, қияға қонған қыздары бар, айналасына шашқан өшпес шуағы бар.
Еркін ӘБІЛ,
журналист.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |