« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Арал ауданының Қарақұм ауылынан шыққан тұңғыш жазушы-журналист, ақын Қази Данабаевтың есімі елге танымал. Менің Қази ағаның шығармашылығына деген қызығушылығым, ақын ағаның мына өлеңін естігеннен басталды:
Шимайбектің портфелі
Жуан екен, нән екен.
Достары айтты, ойпырмай,,
Ішінде не бар екен?
Қарап еді ақтарып,
Іші толған нан екен.
2011 жылы мектебімізде Қ.Данабаевтың 60 жасқа толуына арналған үлкен кеш өткізілді. Осы кештен кейін ағаның шығармаларын зерттеп, Қарақұмнан шыққан тұңғыш жазушыны және оның балаларға арналған тамаша еңбектерін республика көлеміне танытуды алдыма мақсат етіп қойдым.
Қази Данабаев 1951 жылы Қарақұм ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Қызылорда педагогика институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп, туған ауылы Қарақұмда еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Әдебиет әлеміне деген құштарлығы ақын ағаның Қызылорда қаласына қоныс аударуына себеп болды.
"О, менің кіп-кішкентай Қарақұмым,
Өзіңде өтті менің бала күнім”, – деген алғашқы өлеңдерін мектептегі оқушы кезінен жаза бастаған. Ақын аға өлең дәптерін "Ақ кептер” деп атаған. Алғашқы өлеңдері "Балдырған” журналына басылған. Ақын Оспанхан Әубәкіров бала ақынға ақыл-кеңесін айтып, құм ішіндегі Қарақұмға хат жолдаған. Сөйтіп балалық шақта арманы орындалып ақын болды. Ақын ағаның соңғы жылдардағы өлеңдерінің бірі – "Сен аман бол, Қазақстан” деп аталады. Бұл өлеңге сазгер Лена Әбдіхалықова ән жазып, өзі орындап жүр. Қази аға кейін әңгіме, хикаят, повестер жазған. Шығармалары республикалық бәйгеде жүлделерге ие болған.
"Сыр бойы” газетінде қызмет істеген жылдары ол бірнеше рет үздік журналист атанды. 2007 жылы облыс әкімі ақын ағаға арнаулы стипендия тағайындады. Қ.Данабаев журналист ретінде қоғамдағы ең өзекті мәселелерді қозғады.
Қазақ әдебиетінде, қазақ журналистикасында өз қолтаңбасын қалдырған Қ.Данабаев балалар әдебиетін дамытуға өз шығармалары арқылы үлкен үлес қосты. Бірақ ойын балаларға арналған шығармалары қазақ баласының бәріне танылған жоқ.
Сондықтан да ендігі жерде мемлекет тарапынан ақын ағаның шығармаларын баспадан шығаруға көңіл бөлінсе, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, қазақтың бар тіл байлығы жарқырай көрінген, ұлттық болмысы танылатын Қази ағаның шығармаларының балаларға берер тәрбиелік мәні өте зор.
Биылғы 2013 жылдың 5 желтоқсан күнгі, республикалық «Айқын» газетінің №224 санында Жолдасбек Дуанабай "Қазиды қашан кинода сөйлетеміз?” деген көлемді мақала жариялады. Журналист өз мақаласында Қази шығармалары бойынша кино түсірсе, "Менің атым Қожадан ешқандай кем емес, балалар үшін қызықты да тамаша туынды жасалар еді” – деп көпшілік қауымға үлкен ой тастады.
Сондықтан да Қази ағаның балаларға арналған шығармалары Қазақстан балаларының барлығы біліп, танитындай дәрежеге жетсе деп тілеймін!
Менің бұл жобаны зерттеудегі басты мақсатым осы.
Айбала НҰРЫШЕВА,
№59 Қарақұм орта мектебінің оқушысы.
Арал ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |