Сыр еліндегі тәртіп сақшыларының берекелі отбасы

Отбасы дәстүрдің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор – отбасы. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді.
Қазақта: «Отан отбасынан басталады», – деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы болса керек. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланады.  Мемлекеттің мықтылығы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. Жанұя өмірінде бір-біріне көмектесу, ісіне ортақтасу сезімі қалыптасқан жағдайда өмір сүру дағдысы жеңілдейді, жанұяның ынтымақ-бірлігі нығаяды.
Бұл ретте Қызылорда қаласы  Полиция басқармасының Жедел Басқару Орталығының кезекші инспекторы, полиция капитаны Ерболат Серік Ерболатұлымен және жұбайы кіші сержант болып жұмыс жасайтын Сағыныш Анар Сағынышқызының отбасы туралы айтуға болады. Жас отбасы 2008 жылдан бері жұптары жарасып, үлкен өмірге бірге қадам басып, отау тіккен. Қазіргі таңда екі полиция қызметкерлері көпке үлгілі отбасы. Олар Жанерке, Мерей және Райана есімді үш моншақтай қыз тәрбиелеп отыр.
Полиция қызметкері Сағыныш Анар 2007 жылы «Қорқыт Ата» атындағы  ҚМУ колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «заңгер» мамандығы бойынша оқуда. 2018 жылдың сәуір айынан бастап кіші сержант Сағыныш Анар ішкі істер органдарында қызмет атқаруда. Ал отағасы полиция капитаны Ерболатұлы Серік Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ды 2006 жылы «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Содан бері ішкі істер органдарында өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді.
Ел тыныштығын күзеткен бұл тәртіп сақшыларының отбасы  арылмас бірліктерін ұрпаққа жалғастырары сөзсіз.



Қызылорда қаласы  Полиция басқармасының баспасөз қызметі
ТАҒЫЛЫМ 21 мамыр 2019 г. 827 0