« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілгендей, туған өлке тарихын, ұлттық салт-дәстүрімізді, тілімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, жалпы руханият өкілдерін бағалау мен насихаттаудың маңызы зор.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы жанындағы Ә.Қоңыратбаев атындағы әдебиет үйірмесі бірлесе «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сыр елі інжу-маржаны» тақырыбында Сыр бойы ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттауды қолға алған болатын. Осы мақсатта қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, аяулы ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ибрагим Исаевтың 70 жылдығына арналған «Сағым дүние» еске алу кеші өтті.
Кешке университеттің оқытушы-профессорлары, студенттер мен кітапханашылар және ҚР білім саласына еңбегі сіңген ұстаз Д.Торғаева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Н.Рахмет, облыстық «Рухани жаңғыру орталығының бөлім меңгерушісі, ҚР еңбегі сіңген құрметті ұстаз Ә.Әбдіхалықова, ақынның қарындасы Ә.Исаева қатысты.
Ғылыми-техникалық кітапхананың бөлім меңгерушісі Р.Доспаева бүгінде Сыр халқының рухани азығына айналған 200 томдық «Сырдария кітапханасы» антологиясы туралы қысқаша мәлімет берді.
– Кезінде облыс әкімдігі және Қорқыт ата атындағы ҚМУ ғалымдары, оқытушы-профессорларының қолдауымен құрастырылған «Сырдария кітапханасы» жинағы ежелгі шығыс әлеміне белгілі ғұламалар Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауи хикметтері, «Мың бір түн» ертегілерінен бастау алып, Сыр сүлейлерінің жұмбақ, айтыс, қисса сынды жанрлық түрдегі шығармалары топтастырылған, сондай-ақ кеңес дәуірі кезіндегі ауызша және жазбаша әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бұрын баспаға жарияланбаған еңбектері қамтылған. Аталған жинаққа ақын Ибрагим Исаевтың екітомдық өлеңдері мен мыңнан аса ән мәтіні енгізілген, – дейді ол.
Университеттің профессоры Ұ.Жанбершиева ақын И.Исаевтың ән мәтіндері туралы баяндамасында ақынның шығармашылығы жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге, елжандылыққа тәрбиелейтіндігін атап өтті.
Талантты студент жастар ақын өлеңдерін жатқа оқып, әндерін орындап, өздерінің жүрекжарды арнауларын тарту етті. Жастарды сөз өнеріне баулып жүрген ғалым Ш.Бекмағанбетов И.Исаевтың ата-баба арманын еске салатын «Алдаспан» атты өлеңінде ақын аманаты жастарға зор сенім артатынын айтты. Сонымен бірге, Ә.Қоңыратбаев атындағы әдеби үйірме жетекшісі, доцент А.Айтбаева қазақтың көрнекті ақыны Т.Молдағалиевтің И.Исаев туралы тамаша толғанысын жеткізіп, осы орайда «Ибрагим ақынның жан жүрегінде ерекше нәзік лирикаға тұнған ішкі сазы бар» деген пікірін білдірді.
Алматыда бір ұлың сәлем деді дегейсің,
Сәтін салса құдайым, келем деді дегейсің.
Көңіл-күйін байқатпай, кейде жүрер жол таппай,
Сағыныштың сызығы тереңдеді дегейсің, – деп өзі жырлағандай, Сырдың сыршыл ақыны Ибрагим Исаев есімі салиқалы жырымен, сазды әндерімен ел есінде сақтала бермек.
Ғазиза ӘБІЛДА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |