« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Халық шаруашылығын большевиктік қайта құру үздіксіз «ішкі жауларды» іздеумен қатар жүрді. Бұл үдеріс бай-құлақтардың мал-мүлкін тәркілеу, астық және ет дайындау, ұжымдастыру, ашаршылық науқаныңда айқын көрініс тапты.
1928 жылы Ф.И.Голощекиннің «ауылдағы патриалхалды-феодалдық қатынастар мен бай-кулактардың экономикалық негізін жоюға» бағытталған іс-шаралары шешімі қабылданып, байлардың мал-мүлкін тәркілеу жұмысы басталды.
Қолындағы барынан айырылған елдің жаппай аштыққа ұшырағандығы туралы мұрағат деректерін бейжай оқу мүмкін емес.
Нан өнімдері комбинатының жұмыстары туралы Розыбакиев 13 маусым 1931 жылы Қызылордада ұн жоқ, дәнді өңдейтін диірмен жоқ, тез арада жөнелту керектігі туралы жедел тапсырма береді.
№24 Қызылорда күріш зауыты Қазақстан аймақтық ұн өнімдері комитеті одағының тапсырмасына сәйкес 29 сәуір 1931 жылы Нахичеван АССР де болған жер сілкінісінде зардап шеккендерге 1442 рубль қаржылай көмек көрсеткен.
Қызылорда аудандық астық дайындау жөніндегі бестіктің 18 маусым 1931 жылғы мәжілісінде аудандағы астық дайындауда атқарылған жұмыстар қаралды. Жоспарланған өнімнің 51 тоннасы жиналып, 12% пайызы орындалған. «Райживсоюз», милиция органдары астық тасуға бөлінген көлікті дұрыс пайдаланбаған, кәсіподақ тиісті астық жинаушы жұмыс күшін жинамаған осының салдарынан астық дайындау жоспары орындалмаған. Қалада нан өнімдерін еркін саудаға шығару жұмысына кедергілер келтірген. Прокуратураға бестіктің шешімімен «Райживсоюз», милиция, ауылдық кеңес төрағаларын және тапсырманы орындаудан бас тартқан бай элементтерін қылмыстық іске тартуға тапсырма берілді.
1933 жылғы 4 желтоқсанда Пахтааралдан Қызылорда балалар үйіне жіберілген 96 бала ауру, аштықтан әлсіреген, киімсіз 17 бала келген күні ауруханаға жіберілген 6 бала қайтыс болған.
Аудандық атқару комитетінің ақпаратында, 1933 жылы 18 ауылдық кеңесте егін шықпағандығы, колхозшылар тиісті астықпен қамтамасыз етілмегендігі айтылады. Ауданға келген 1673 көшпенді шаруашылықтарға азық-түлік көмегі алынып, барлығына тиісті нормаға сай бөлініп берілген. Әлі де аудан бойынша 1750 колхоз шаруашылықтары азық-түлік көмегіне аса зәру деп көрсетілген.
ОГПУ органдарының тексеру нәтижесінде колхоз малын, астықты талан-таражға салды, ұжымдастыруға көнбей малдарын колхозға өткізуге қарсылық жасады деген айыппен талай адамды жазаға тартқан. Бір-екі мысал келтіретін болсақ, «Ленин» атындағы колхозға 185 адамға (оның 97 еңбекке жарамды, 88 еңбекке жарамсыз) 840 кг. азық-түлік көмек жіберілсе, тек 793 кг. берілген және адам санын артық көрсету анықталған.
«Қатыкөл» колхозының 3 мүшесі 1932 жылы колхоздың 10 түйесін ұрлап сойып, етін сатып 2353 рубльді өзара бөліп алған, 1933 жылы 2 өгіз тағы да бір түйені сойып сатқан деген айыппен қамалған. Осындай айыптаулармен көптеген ауылдық кеңес, колхоз төрағалары, мүшелері шаш ал десе, бас алған шолақ белсенділердің жеткізген ақпараттарының құрбаны болған.
Бұл мұрағаттық құжаттар 1928-1934 жылдары Қазақстанда болған ашаршылық, тәркілеу, ұжымдастыру арасындағы сабақтастықты дәлелдейтін айғақ.
Г.АҚТӨРЕЕВА,
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |