ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

Еліміздің өсіп-өркендеуі жолына саналы ғұмырын жұмсаған ардагерлер қауымы қандай ма­рапатқа да лайықты. Осынау абзал жандар бейнеттерінің зейнетін де көруде. Тарихы тереңнен сыр шертетін Қазалыдағы «Ша­ғала» демалыс орталығында арда­герлердің демалысын тұрақ­ты ұйымдастыру дәстүрге айналған. 

Бұл жолы аудан әкімдігінің қолдауымен  кент, қала, ауыл­дық округтерден келген 40 ардагер жасыл желекке ма­лынған орталықта тынығып жа­тыр. Аумағы атшаптырым «Шағаладағы» жапырағын са­мал тербеген 40 мыңға тар­та тал, жеміс ағаштары, хош иісті алуан гүлдер «Таза ауа жұтқаның – талай ғұмыр ұт­қаның» деген ғибратты еске түсіреді.

Демалыс орталығында ты­ны­ғушыларға бар жағдай жа­салған. Дәмді ыстық тағам уақытымен бе­ріліп, спорт түр­лерінен жарыс өткізіледі. Аудан өнерпаздары концерттік бағ­дарламалар ұсы­нып, ардагерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

– Ардагерлердің жатар орын­­­­­да­ры қолайлы. Медицина қызметімен қамтылған. Ау­дан әкімінің орынбаса­ры Әлімжан Жарылқағанов, арда­герлер кеңесінің төрағасы Ораз­ғали Бекбанов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Лайық, өзге де басшылар арнайы келіп, ардагерлердің жағдайын біліп тұрады. Олардың алаң­­сыз демалуы үшін қызмет жа­сау­ға әзірміз,  – дейді орта­лық директоры Болат Жолтаев.

Қазалы ауданы.

ТАҒЫЛЫМ 18 қыркүйек 2018 г. 750 0