« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
16 мамырда барша мұсылман жамағаты үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Осы орайда "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы Қанат Қыдырмин Оразаға дейін жасалуы тиіс 5 амалды атады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ең бірінші, ол мұсылманның ниетін жаңартып алу. Яғни бір іске кіріспей тұрып, алдымен ниет ету бұл қайырлы іс болып саналады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "әрбір нәрсе ниетпен ғана дұрыс болады және адам ниет еткен нәрсесіне қол жеткізеді" дейді.. Сондықтан да қасиетті Рамазан айының алдында ең әуелі ниетті дұрыстап алу керек.
Рамазан айына дайындық ретінде жасалатын екінші нәрсе – дұға тілеу.
"Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Алла Тағала Ережеп айын, Шағбан айын берекелі етші және бізді Рамазанға жеткізші" деп дұға қылатын болған екен. Сондықтан әрбір мұсылман "Алла Тағала, Рамазанға жеткізе гөр" деп дұға етуі керек.
Үшіншісі, егерде адам біреуге қарызы немесе аманаты болатын болса, Рамазан айына дейін құтылып, қасиетті айға таза, тәубемен кіргені жақсы.
Имамның айтуынша, мұның ішіне өткен Ораза айынан қалған қарызды ұстау да кіреді. Рамазан айына өткен жылдың қарызымен кіруге болмайды. Қарыз болса, осы Шағбан айында өтеп тастаған жақсы екен.
Төртінші мәселе, Рамазан айында мұсылман адамды ғибадаттан немесе құлшылықтан мазалайтын жұмыстар болатын болса, соларды Рамазанға дейін шешіп тастау. Бұл дегеніміз не? Кейбір кезде адамдар Ораза айының алдында бір істі бастап қойып, оны аяқтап үлгермей, Рамазан айында сол істің машақатымен жүріп, ауызшарға ғана көңіл бөледі. Сөйтіп жүріп Рамазан айындағы басқа ғибадаттардан жұрдай болып қалуы мүмкін. Неге? Рамазанға жоспарсыз кіргендіктен. Сондықтан кез келген мұсылман Рамазан алдындағы дайындық ретінде осы айға үлкен сапарларды немесе той-думандарды жоспарламағаны абзал. Ондай істерді Рамазанға дейін немесе кейін жасау әдеміректеу болады.
Бесіншісі, өзі қуану, өзгені қуандыру. Өзі қуану – қасиетті ай келе жатыр деп, Алла Тағаланың қасиетті қылған нәрселеріне қуану. Мұсылмандар Рамазан айының келе жатқанына қуануға тырысуы керек. Ал өзгені қуандыру деген не? Мысалы отбасылы адам үйде әйелімен, бала-шағасымен отырып, Рамазан келе жатыр, мұқтаж адамдарға тамақ таратайық, садақа берейік деп игі істерді жоспарлап, мерекеге дайындалғандай қуанып, өзгелерді қуандырса, бұл нұр үстіне нұр дейді имам.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |