Шынайы махаббат

Ол күні үйге келгенімде жұбайым кешкі асты дайындап жатқан. Қолынан ұстап, бір маңызды нәрсе айтуым керек дедім. Қасыма отырды. Айтатындарым оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым, бірақ қанша қиын болса да айтуым керек деп ажырасайық дедім. Ашуланбады да, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа біреуді жақсы көретінімді қалай айтатынымды білмедім. Сол күні басқа ешнәрсе сөйлеспедік.

Ол болса түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 10 жылдан кейін ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған көлік, үй, компаниямның 30% үлесін беретінімді рәсімдейтін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Бір бірімізге бейтаныс болдық. Оның маған жұмсаған уақыт пен күш жігеріне жаным ашыды. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқа кісіні жақсы көремін.

Келесі күні кешкісін үйге кеш келдім. Әйелім үстел басында бір нәрселер жазып отыр екен. Ешнәрсе айтпай бөлмеме барып ұйықтадым. Ертеңіне маған өз шарттарын ұсынды. Менен ешқандай материалдық зат қаламайтынын, тек ажырасатынымызды 1 айға дейін ешкімге айтпай жасырын ұстауын сұрады. Осы уақыт ішінде жақсы отбасына ұқсап өмір сүруімізді сұрады. Бұған себеп жалғыз ұлымыздың 1 айдан кейін университетке түсетіндіктен, қабылдау емтихандары кезінде отбасы ішіндегі мәселелер оған кедергі болмасын деген ниет екен. Келістім екінші шарты да бар болатын. Үйленген күні есіктен үйге оны қолыма алып кіргенімізді есіне түсіріп, 1 ай бойы оны қолыма алып бөлмемізден есікке дейін апаруымды сұрады. Басында есінен ауысқан ба деп ойладым, бірақ өткен жылдардың құрметіне келістім.

Сол күні сүйіктім Ребеккаға әйелімнің осы шарттары туралы айтып едім, күліп жіберді де, әйелің бір қияли екен деп айтты. Ақыры әйеліммен ажырасатыныма сенімді болғандықтан ол да келісті.

Бірінші күні ешбір сезімім қалмаған әйелімді құшағыма алу қиын болды маған, көтергенімде артымызда тұрған ұлымыз бізге қарап қуанышын жасыра алмады "Бірбіріңізге деген сезімдеріңіз қандай күшті" деп күлімдеп тұрды, сөздері ішімді күйдірсе де, келіскеніміздей әйелімді үйдің есігіне дейін 10 метрдей қашықтықты құшағымда апардым. Ол болса көздерін жұмып қойып, құлағыма ‘Ұлымызға ажырасатынымызды айтушы болма’ - деді. Мен де оған қарап, жарайды дедім. Оны есікке дейін апарып, үйден бірге шықтық. Ол автобус аялдамасына барып, жұмысына баратын автобусын күтті. Мен өз жұмысыма кеттім.

Екінші күні бұл ойынымызды ойнау оңайырақ болды. Оған көптен бері назар аудармаған мен оның бетіне түскен майда әжімдерді енді байқадым. Шаштарында да ақ шаштар пайда болыпты. Өткен жылдардың іздерін көру ойландырды.

Төртінші күні оны құшағыма алғанымда бір сенімділік сезімі ұялады ішімде. Маған өмірінің 10 жылын сыйлаған әйелге деген керемет бір сезім. 

Бесінші күні ішімдегі сезімдер күшейе бастады. Ребеккаға бұл туралы айтпадым. Әйелімді күннен күнге көтеріп есікке дейін апару екеумізді де бақытқа бөлей бастады.

Бір күні оның не киім киетінін ойлап тұрғанын көрдім, бұрынғы киімдерінің бәрі үлкен болғанын айтты. Расында да соңғы күндері қатты арықтап кеткенін сонда байқадым. Ажырасатынымызды ойлап, соның уайымымен арықтағанын түсіндім. Еріксіз басынан сипадым. Осы кезде келіп қалған ұлымыз "Әке, анамды құшағында тасуың керек" деді. Әкесінің анасын бөлмелерінен есікке дейін тасуы өміріміздің бір дәстүрі болды. Әйелім ұлымыды қасына шақырып, күлімсіреп құшақтады. Ол күні оны құшағыма алып тасығанымда тура үйленген жылдарымыздағыдай сезімдер кештім.

Сезімдерім еріксіз өзгере бастады. Соңғы яғни отызыншы күні оны есікке дейін апарғанымда, одан барлық көрсеткен қиыншылықтарым үшін кешірім сұрадым және сол күні Ребеккаға барып, ажыраспайтынымды айттым. Отбасымыздың әлсірегені, сезімдердің жоқтығынан емес, бір-біріміздің қадірімізді ұмыта бастағандығымыздан екенін түсіндім. Үйге қайта жетуге асықтым. Жолдан гүлдер сатып алып, араларына ”сені өмірімнің соныңа дейін құшағымда таситын боламын” - деп жаздым.

Үйге бара салып, бөлмемізге қарай жүгірдім. Әйелім төсекте жатыр екен. Қасына бардым әйелім демалмай жатыр екен. Дәрігерлерді шақырдым. Дәрігерден әйелімнің біраздан обыр ауруымен ауырғанын және содан қайтыс болғанын естідім. Қатты өкіндім.  Ребеккамен жүріп, әйелімнің  соңғы айлар бойы обыр ауруымен арпаласқаның білмей де қалыппын. Ал ол менің қамымды ойлап өміріне санаулы күндер қалғанын білгені үшін, ұлымыздың алдында мені анасын тастап кеткен жаман әке ретінде көрсетпеуге тырысыпты. Ең болмағанда ұлымыздың есінде жақсы мені жақсы әке жақсы жұбай болып қалуымды қалапты.


 Материал "Ғибрат" сайтынан алынды

ТАҒЫЛЫМ 12 сәуір 2018 г. 1 295 0