« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сырдың біртуар перзенті Аралбай Махамбетов жайында ой қозғаудың сәті бүгін түсіп тұр. Дүниеден өткеніне енді бірер жылда елу жыл толғалы тұрғандығы жүйткіген уақыттың жылдамдығын байқатады. Бар-жоғы 41 жыл ғұмыр кешкені жүректі сыздатады. Осы аз ғана ғұмырында Сәкен, Серік, Асқар, Еркін атты ұлдарын сүйіп үлгерді. Қазір бұлар – бір-бір шаңырақ.
Ғалым, профессор, ақынжанды азамат Қазыбай Құдайбергенов «Сыр сарабдалы Аралбай» атты 400 беттік естелікті құрастырып шығарды. Осы кітапта адамзаттың Айтматовы – Шыңғыс Айтматовтың Аралбаймен достығы толғаныспен баяндалды.
– Мен Аралбаймен үш рет кездестім. Бұл кездесуге себепкер болған қазақтың Қалтайы еді. Алғаш рет Аралбаймен Мәскеуде «Современник» театрында Қалтайдың «Жат елде» спектаклін талқылауда кездестірдім. Аралбай төгілте пікір айтты. Тарихи деректерден ой қозғады. Осы сәтте оның кең білімдарлығына мен таңырқап, құшағыма қысқан едім. Одан соң Қалтайдың елу жылдығында, Бішкекке емделуге келгенде қасында жүрдім. Тағы бірде Қалтайдың ағасы Әбидің үйінде кездескенім есімнен кетпейді. Мен мұндай білімдар азаматты бұрын-соңды кездестірмеген едім. Мен Қалтайға «қалай ерте таныстырмадың?» деп лебіз білдіргенім бар, – деп тебіренеді Ш.Айтматов.
Азамат жайында кезінде Социалистік Еңбек Ері И.Әбдікәрімов, қоғам қайраткері С.Тәнекеев, А.Дәулетов, М.Киреев, соғыс ардагері Б.Құлманов шынайы лебіз білдірді. Ал Е.Жүнісбаев пен А.Нұрекеев білімдарлығы, қамқор құшағы жайын сөз еткені естен кетпейді.
Үлкен жүректі азамат бар-жоғы 41 жыл ғұмыр кешкенде бірнеше қызметтің тізгінін ұстаған. Өзі оқыған институтта жастар жетекшісі, Қызылорда қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қызылорда қалалық партия комитеті партиялық-ұйымдастыру бөлімін, обкомда бірнеше бөлімдерді басқарып, өзінің іскерлік қабілетін танытып үлгерген еді. Білімдар азамат орта мектепті медальмен, одан соң институтты қызыл дипломмен бітірген болатын. Еңбек еткен жылдарында жас кадрларды тәрбиелеуге үлес қосқанын көз көргендер әлі еске алады.
Алда Аралбай Махамбетовтың туғанына 90 жыл толайын деп тұр.
Біз не айтпақпыз? «Ер есімі – ел есінде» демекші, еңбегі сіңген адамдар ұмытылуға тиіс емес. Оларды мәңгі есте сақтау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Олай болса, Қызылорда қаласының бір мектебіне Аралбай Махамбетовтің есімін беру лайықты деп ойлаймыз.
Біздің бұл пікірімізге тиісті орындар қолдау көрсетуге атсалысар деген ойдамыз.
Т.ОРАЗОВ,
Ұлы Отан соғысының ардагері,
Қ.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,
ҚМУ профессоры,
Қ.МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |