САҒЫНА ЕСКЕ АЛАМЫЗ

Сыр өңіріне танымал азамат, Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, білікті заңгер Лесеров Тастыбай Аманжолұлы бүгінде көзі тірі болғанда пайғамбар жасы 63-ке келер еді. Біздер, Әділет департаментінің ұжымы әріптесіміздің аруағына тағзым ете отырып, сағынышпен еске аламыз. Жүйткіп, зулап өтіп жатқан өмір-ай десеңші.
Тастыбай Аманжолұлы – жастық шағынан бастап өмірінің ақырына дейін абыройлы еңбек етіп, өзінің бүкіл саналы ғұмырын әділет саласының дамуына жұмсаған жан. Өмірінің соңғы сағатына дейін еліне аянбай қызмет еткен. Қабілетті басшы, мейірімді ұстаз, сенімді дос болып, аймақтағы белгілі тұлға ретінде әріптестерін, қоғамды мойындатты. Салалық реформалар мен жаңалықтарды заманауи тұтынушыларға түсінікті әрі ұтымды пайдалану үшін ағайдың жеке еңбегі жоғары бағаланды.
Әділет саласындағы ерен еңбектері үшін ҚР Әділет министрінің алғыс хаттарымен, мақтау қағаздарымен, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен наградталған. Сонымен бірге облыс әкімінің, департамент басшыларының бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған.
Әріптесіміз Тастыбай Аманжолұлы тірі болғанда, бүгінде мерейтойын тойлап, салтанатты түрде құрметті зейнет демалысына шығарып салар едік. Әттең... Аяулы жанның жасаған игілікті істерін артында қалған ұрпақтары жалғастырғай.
Иманыңыз жаныңызға серік болып, сол мейірбанды асыл мінезіңізбен жұмақтың төрінен орын алғайсыз, аға.

Еске алушылар:
Қызылорда облысының 
Әділет департаменті ұжымы.


ТАҒЫЛЫМ 29 қаңтар 2018 г. 1 872 0