« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстанның құрметті журналисі, облыстық телеарнада ұзақ жыл еңбек еткен қаламгер Несібелі Рахмет «Сырдария ауданының құрметті азаматы» атанды.
Несібелі Төлтайқызы осы ауданның Қараөзек елді мекенінде дүниеге келген. Балалық шағында Нағи Ілиясов ауылына отбасымен қоныс аударып, осы ауылдан түлеп ұшты. Жастайынан күрішшілер бригадасында, мал фермасында, тұқым қоймасында қарапайым жұмысшы болып еңбек етті. Күйбең тірлік ортасында жүрген ауыл қызы қолға қалам алып, өрнекті ойын параққа түсіріп, шығармашылыққа жақын болып өсті. Ізденімпаз жан өз туындыларында қаймағы бұзылмаған қазақылықты, ауыл тұрмысын арқау етіп, новелла жанрының хас шебері атанды. Бүгінде Несібелі Рахмет – Нағидан шыққан тұңғыш кәсіпқой журналист.
Оның «Бір нәзік сезім», «Мен табынған құдірет, «Исламбек», «Құмырсқа тірлік», «Сырдария кітапханасы» сериясымен шыққан «Жиденің гүлі» және «Тұнжыр» кітаптары – оқырманнан лайықты бағасын алған туындылар.
Жуырда туған өлкесі талантты перзентіне тамаша тарту жасап, «Сырдария ауданының құрметті азаматы» атағын берді.
– Шығармашылығымның басым көпшілігі ауылдың ақкөңіл, ақпейіл, аңғал азаматтарына, жалпы ауылдың тыныс-тіршілігіне арналған. Елдің, халықтың тыныс-тіршілігінен, халықтың өмірінен, жалпы ауыл өмірінен көп жазамыз. Руханият, ақпарат саласындағы азды-көпті еңбегімді ескеріп, осындай атаққа лайық көргені үшін рахмет айтамын, – дейді жазушы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |